Қарағанды облысының жолдарында 100-ден аса адам құтқарылды

12 қаңтар, 2018, 10:56 1730 Қарағанды облысы
Қарағанды облысының жолдарында 100-ден аса адам құтқарылды

Қарлы боранның тұтқынына айналғандар қатарында актокөліктермен бірге жолаушылар автобустары да бар. Қатты тоңып қалған кейбір жолаушылар ауруханаға жеткізіліп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz

Ауар райының кесірінен 11 қаңтар күні онға жуық автокөлік жолда қалып қойды, деп хабарлайды облыстың ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Жолдың жабылғаны және дауылды боран туралы ақпараттың таратылғанына қарамастан, облыс құтқарушыларына қарлы боранда қалып қойған автокөлік иелерінен көптеген хабар келіп түсті.

Таңертеңгі уақытта Абай ауданындағы Вольный мен Агрогородок ауылдары арасында қарлы боран құрсауындағы үш автокөліктен 10 адам құтқарылды.

Түс уақытанда Алматы-Ектеринбург тас жолында Жұмабек ауылы маңында жолаушылар автобусы мен ауыр жүк көлігі соғылып қалған. Құтқарушылардың күшімен 16 адам Қарағандыға жеткізілді.

Сондай-ақ ТЖД-нің қызметкерлері Жаңарақа ауданының Ақтүбек ауылы  маңында ақ түтек боран тұтқынына айналған автокөліктерден 11 адамды құтқарды.

Қарағанды-Аягөз-Бұғаз тас жолының 103-ші шақырымындағы Бұқар жырау ауданы маңында Егіндібұлақ-Қарағанды бағытында кетіп бара жатқан автобус аударылып қалған. Құтқарылған 45 адам жақын жердегі Шешенқара ауылының мектебіне әкеліп орналастырылды. Үш адам ауруханаға жатқызылды.

Құтқарушылар сондай-ақ Осакаровка ауылынан 8 шақырым жерде қарлы боранда қалып қойған екі автокөліктен төрт адамды аман алып қалды.  

Сондай-ақ Алматы-Екатеринбург тас жолының 1045-ші шақырымында Шымкент-Астана бағытындағы техникалық  ақауы бар жолаушылар автобусынан 37 адам құтқарылып Теміртау қаласына жеткізілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар