Қарағандыда аймақтың үздік фермерлерін марапаттады

17 қараша, 2018, 14:55 2440 Қарағанды облысы
Қарағандыда аймақтың үздік фермерлерін марапаттады

Марапаттау салтанаты Ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің күніне орайластырылды.

Қарағандыда үздік фермерлер марапатталды, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты. Марапаттау салтанаты Ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің күніне орайластырылды. Салтанатты шара барысында көрме ұйымдастырылды. Онда өңірде өндірілетін  көкөністер, дәнді-дақылдар, ет және сүт өнімдері қойылды. 

"Заманауи фермер барлық қиындықтарға қарамастан, жоғарғы технологиялар мен мемлекеттік қолдаудың арқасында жақсы өнім жинай алады. Және біздің фермерлер жылдан жылға осыны дәлелдеуде. Енді біздің алдымызда Мемлекет басшысы қойған – өніммен тек қана елді қамтамасыз етпей, әлем нарығында ауыл шаруашылық өнімдерге бәсекелес болу бойынша тапсырмасын орындау тұр. Біз шетелге ет экспортын бастадық, алғашқы 1000 тонна өнімді жібердік. Келесі жылы бұл көлемді екі есеге арттырамыз. Экспорт бос тұрған жайылымдарды пайдалануға көмектеседі, 1000 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді және ауылдарға инвестиция тартылады", - деп атап өтті Ерлан Қошанов өз сөзінде. 

Аймақ басшысы мемлекеттің фермерлерге барынша көмектесіп жатқанын атап өтті. Тек биылғы жылдың өзінде субсидиялар мен шағын несиелерге 19,2 млрд теңге бөлінген. Ол сондай-ақ егіншілік пен мал шаруашылығында сандық технологияларды енгізудің маңыздылығын айтты. 
Салтанатты шарада Нұра ауданының "Отқанжар" шаруа қожалығының механизаторы Рыспай Шалабеков пен Осакаровка ауданының "Ясная поляна" шаруа қожалығының механизаторы Владислав Пудов "Еңбек Ардагері" медальдарымен марапатталды. 

"Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" төс белгісі "Аралқұм" шаруа қожалығының қызметкері Нұрша Игенбаевқа, Шет ауданынан ауыл шаруашылық саласындағы еңбек ардагері Мұхтар Мағауовқа, "Астра-Агро LTD" компаниясының директоры Амангелді Мұқашевқа және "Сарышоқы" шаруа қожалығының жетекшісі Қамза Хасеновқа табысталды. 

Сонымен қатар, саланың үздік қызметкерлері Қарағанды облысы әкімінің және Ауыл шаруашылық министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар