Қарағандыда аудандық прокуратура қызметкері пара алып жатқан кезінде ұсталды - Жаңалықтар | BNews

Қарағандыда аудандық прокуратура қызметкері пара алып жатқан кезінде ұсталды

17 мамыр, 15:31 3239 Қарағанды облысы
Қарағандыда аудандық прокуратура қызметкері пара алып жатқан кезінде ұсталды

Қазыбек би атындағы аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры парамен қолға түсті.

Қазыбек би атындағы аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры пара алып жатқан кезінде ұсталды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2018 жылғы 16 мамыр күні Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры Е. Балхабекұлын 300 мың теңге көлемінде пара алу барысында ұстады. Ол үш сотталғанға қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыстық жазаны қолдау үшін өтемақы алмақ болған", - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында. Іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары