Қарағандыда азаматтардың жұмыс іздеу мүмкіндігі артты

11 қаңтар, 2019, 14:33 1323
Қарағандыда азаматтардың жұмыс іздеу мүмкіндігі артты

Қала базарының бірінде алғашқы жұмыспен қамту орталығы ашылды.

Қарағандыда жұмыссыз жүрген жастардың санын қысқартудың жаңа жолдары қарастырылуда. Облыс әкімдігінің бастамасымен "Шығыс" базарында Жұмыспен қамту орталығы ашылды, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.  

Енді мұнда тек көкөністер мен жемістер сатып алып қана қоймай, сонымен қатар жұмыс тауып, өз ісіңді бастау туралы ақпарат алу мүмкіндігі туды. Бұл мәселелер бойынша жұмыспен қамту орталығының мамандары мен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері көмек көрсетеді.

Жаңа бөлімшені базарда ашу туралы шешім бекерден қабылданған жоқ. Мұнда адамдар ағымы үлкен. Күн сайын "Шығыс" базарында 10 мынан астам адам келіп қетеді, олардың арасында тұрақты жұмысы жоқ азаматтар да бар. Әдетте олар бір күндік табыс табу үшін осы жерге арнайы келеді. Олардың басым бөлігі жоғары білімі жоқ жастар, немесе тәжірибесі болмағандықтан жұмысқа тұра алмағандар.

Облыс әкімі Ерлан Қошанов атап өткендей, аталмыш бөлімшенің ашылуы жұмыс іздеушілердің өздерін қызықтырған мамандықтары бойынша жұмыс тауып алуына септігін тигізуі тиіс. 

"Бүгінгі таңда елімізде қайта білім алып, жұмыс тауып немесе шағын несие алу арқылы өз ісін бастағысы келетіндер үшін барлық жағдай жасалуда. Кімде мамандығы болмаса, білім алуға немесе қайта оқуға болады. Бұған қоса мемлекет стипендия төлеп, коммуналдық шығындарды өтеп, жол жүру ақысын жеңілдетуді қамтамасыз етеді. Алайда бұл бағдарламалар туралы көбісі біле бермейді. Сондықтан кеңесшілер барлығына осы мүмкіндіктер туралы айтып береді", - дейді Ерлан Қошанов.

"Елбасы осы жылды жастар жылы деп жариялады. Осындай Жұмыспен қамту пункті - жастарды қолдаудағы маңызды шаралардың бірі", - деп атап өтті облыс әкімі.

Жұмыспен қамту орталығының бөлімшесі ашылған бірінші күннен бастап  адамдар легі толастар емес. Кеңес берушілер әркіммен жеке сөйлесіп, кеңес береді.

"Осындай орталықтың бұл жерде ашылуы өте жақсы ой. Мысалы, мен тегін түрде мамандық меңгеруге болатыны туралы білмедім. Мен осы базарда тазалаушы болып жұмыс істеймін, алайда бұрыннан бері аспаз болғым келген. Ол мамандықты меңгеруге мүмкіндігім болмады. Бүгін жұмыспен қамту орталығында кеңес алып, жақын уақытта білім алуға кірісемін", - деді Нина Малюченко.

Бірінші жұмыс күнінде орталыққа 300-ден астам адам келді. Осындай жұмыспен қамту бөлімшелері Қарағандының барлық базарларында, сондай-ақ Жезқазған, Теміртау, Балқаш және Сәтпаевта пайда болады. 

Бұған қоса, барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша қадамдық алгоритмі бар электрондық гид іске қосылады. Оның негізгі мақсаты - атаулы көмек көрсету және жастардың түйіткілді мәселерін шешу болып табылады. 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Қарағанды облысы #жұмысқа орналасу #мемлекеттік бағдарлама

Читайте также

Похожие новости