Қарағандыда екі жасар бала сегізінші қабаттан құлап, мерт болды

03 шілде, 2018, 09:57 2674
Қарағандыда екі жасар бала сегізінші қабаттан құлап, мерт болды

Қайғылы оқиға 2 шілде күні болған.

Қарағандыда үлкендердің қарауынсыз қалған бала сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Оқиға орнында бірден көз жұмған бүлдіршін бар-жоғы екі жаста ғана болған, деп хабарлайды BNews.kz Вaq.kz-ке сілтеме жасап.

Соңғы күндері аймақта балалардың терезеден құлау оқиғасы жиілеп кетті. Бұл осымен бесінші оқиға.

"2 шілде күні 19 ықшам ауданындағы көп қабатты тұрғын үйдің терезесінен ата-ана қарауынсыз қалған 2016 жылы туылған бала абайсызда құлап кеткен. Сәби оқиға орнында бірден қайтыс болды", - дейді Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Ашық тұрған терезеден абайсызда құлап кеткен бала жедел жәрдем қызметі келгенге дейін көз жұмған.

"Бала Қарағандының төртінші емханасында тіркеуде. Ер бала 2016 жылы туылған. Жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін қайтыс болған. Соңғы күндері облыста бес бала терезеден құлады. Оның екеуі қаза болды. Тағы бір баланың жағдайы ауыр, ауруханада жатыр", - деді Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының маманы Наталья Дюсембаева.

Кеше Жезқазған қаласында да төтенше оқиға болған. Қаланың Сарыарқа көшесіндегі тұрғын үйдің 2-қабатынан төрт жастағы бала абайсызда құлаған. Бала Жезқазған қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

"Бұл облысымыздағы соңғы бес күндегі бесінші жағдай. Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға жас балаларына жауапкершілікпен қарау керектігін ескертеді. Баланы бөлмеде шамалы уақытқа болса да жалғыз қалдырсаңыз міндетті түрде терезені жабыңыздар. Терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүміндік бермейтін арнайы фиксаторлар ортаңыздар", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Қарағанды облысы #қайғылы оқиға #құлау #балалар #сәби

Читайте также

Похожие новости