Қарағандыда "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жаңа Неке сарайы ашылды - Жаңалықтар | BNews

Қарағандыда "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жаңа Неке сарайы ашылды

04 тамыз, 12:04 2666 Қарағанды облысы
Қарағандыда

Ғимараттың жалпы ауданы – 16,5 мың шаршы метрді құрайды. 

Қарағандылықтар неке қию салтанатты рәсімін жаңа және әсем Неке сарайында өткізу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай сыйлықты жерлестеріне кәсіпкер Болат Қожақпаев жасады. Бұл бизнесменнің "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асырудағы үлесі, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов "Ақ сарай" салтанат сарайында болып қайтты. Ол салтанат залында жас жұбайлардың, сондай-ақ, алтын және күміс той иелерін тамаша мерекелерімен құттықтады. 

"Қарағандылықтарға осындай сарай тарту етілді. Енді олар өз салтанаттарын керемет  әсем жерде өткізе алады. Жаңа құрылған отбасылар үшін жаңа Неке сарайы бақыт пен шаттық сыйлайтынына сенімдімін. Бұл жай ғана қалаға жасалып отырған сыйлық емес. Бұл патриоттық және меценаттықтың үлгісі. Еліміздің әр тұрғыны, әр кәсіпкері "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуы өте маңызды", - деді облыс әкімі Ерлан Қошанов.

Жобаның құны 3 млрд теңгені құрайды. Ғимараттың жалпы ауданы – 16,5 мың шаршы метр. Аумақтың бір бөлігінде Қазыбек би атындағы аудандық әкімдік орналасқан. Бір ай бұрын мұнда АХАТ бөлімі көшіп келді. Шілде айында бұл жерде 500-ге жуық тіркеу актілері өткен.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары