Қарағандыда жаңа кафедралды шіркеу ашылды

23 қазан, 2018, 10:57 1549 Қарағанды облысы
Қарағандыда жаңа кафедралды шіркеу ашылды

Жаңадан ашылған шіркеуге Астанайлық және Қазақстандық митрополит Александр келді.

Қарағандыда қасиетті Севастианның есімімен аталатын Свято-Троицк кафедралды шіркеудің кіші ғибадатханасы дәріптелді. Діни қызметке арнайы түрде Астанайлық және Қазақстандық митрополит Александр келіп, жиналғандарға батасын берді, деп хабарлайды BNews.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Қарағанды үшін ерекше күн. Қазақстанның кеншілер астанасы үшін бүгін Михайлов шағын ауданында қасиетті Севастиан қарағандылыққа арналған ғибадатхана дәріптелді. Осы жерде айдауда болған, жәнеде қаладан кетпеген оптиндік қариялардың біріне арналады", - деді Қазақстандағы православ шіркеуінің басшысы.

Жаңа шіркеуде облыс әкімі Ерлан Қошанов болып қайтты. Қазақстандағы Митпрополиттік орыс православ шіркеу округінің басшысы Астанайлық және Қазақстандық Митрополит Александр жаңа шіркеу бойынша экскурсия өткізіп, аймақ басшысына құрылыс кезінде қарағандылық билік өкілдері көрсеткен көмектері үшін алғысын білдірді.

Шіркеудің құрылысы 2011 жылы басталған. Оның құрылысына қаламыздың тарихи жерлерінің бірі - Үлкен Михайловкадан жер таңдап алынды. Оның жанында Рождество Құдай Анасының ғибадатханасы орналасқан. Ол жерде кезінде қасиетті қария Қарағандылық Севастиан қызмет еткен. Алайда, ескі ғимарат көп келушілерді сиғыза алмаған. Сондықтан жаңа шіркеу салу шешімі қабылданды. Мұнда бір уақытта бір жарым мың адам сиына алады. Шіркеудің биіктігі күмбез бен крестті санағанда 59 метрді құрайды.

"Адамдар мұнда келіп, өз туған жері, қажеттіліктері, қиындықтары туралы сыйынып, Құдайға өміріндегі қуаныштары үшін алғыс айтып, марқұмдарды еске ала алады", - деді Астанайлық және Қазақстандық митрополит Александр.

Свято-Троицк шіркеуінің өзі екі ғибадатханадан құралады. Бүгін дәріптелген төменгісінде қазірдің өзінде сыйыну жүргізіліп жатыр. Қасиетті Троицаға арналған екінші жоғарғы ғибадатхана әзірге салынып біткен жоқ. Оны қажетті сома жиналған соң 2 жылдан кейін аяқтау жоспарланып отыр. Себебі құрылыс жұмыстары келушілердің садақаларына салынады. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар