Қарағандыдағы "Древний Рим" мейрамханасында болған кісі өліміне қатысты күдікті ұсталды

09 қаңтар, 2019, 19:05 1258
Қарағандыдағы

Ол Ресей Федерациясының Омбы облысында құрықталды.

Қарағандыдағы кісі өліміне күдікті деп танылған Нарек Гурурянды ҚР Ішкі Істер министрлігінің криминалдық полиция қызметкерлері құрықтады. Бұл туралы ІІМ-нің Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Бүгін ҚР ІІМ-нің криминалдық полиция қызметкерлері Ресейдің құқыққорғау органдарымен бірлесе отырып, РФ-ның Омбы облысы аумағында Қарағандыда 1 қаңтарда орын алған бұзақылық әрекеттер мен кісі өліміне қатысты күдікті деп танылған Армения республикасының азаматы Нарек Гурурянды құрықтады",  - деп мәлімдеді Садубаев.

Сондай-ақ,  қазірде заңға сәйкес Гурурянды Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатқаны хабарланды.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы 1 қаңтарға қараған түні Қарағандыдағы "Древний Рим" мейрамханасында жанжал болып, соңы топтық төбелеске айналды. Соның салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі түрлі деңгейдегі пышақ жарақатын алды. Осы қылмыстық оқиғаға қатысты "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталды. Бұзақылық әрекеттері үшін және 23 жастағы жігіттің өліміне күдікті ретінде Қарағанды қаласында 8 адам ұсталып, қамауға алынды. 

ҚР Ішкі істер министрлігінде Қарағандыдағы адам өліміне қатысты іс бойынша күдіктінің өз еркімен берілуге әзір екендігін мәлімдеуіне қатысты түсініктеме берді. 

Аталған іске қатысты негізгі күдікті Нарек Гурурян Қазақстаннан кетіп үлгергені туралы осыған дейін хабарлаған болатынбыз.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#қылмыс #адам өлтіру #ҚР ІІМ

Читайте также

Похожие новости