Қарағандыдағы облыстық ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде 500 тоннадан астам тауар саудаланды

24 қазан, 2018, 12:05 1718 Қарағанды облысы
Қарағандыдағы облыстық ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде 500 тоннадан астам тауар саудаланды

Оның ішінде 98 тонна ет және 300 тонна картоп өнімі бар.

Қарағандыдағы бірінші облыстық ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде 500 тоннадан астам тауар сатылды. Қала тұрғындарының ет, пияз және картоп өнімдеріне сұранысы жоғары болды, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қарағандыда ет және сүт, көкөністер мен ара өнімдері нарықтағы бағадан төмен құнмен сатылды. Қала тұрғындарының ыңғайлылығы үшін сауда орындарына жергілікті билік өкілдері арнайы автобустар ұйымдастырған. 

"Барлығы жәрмеңкеге 500 тоннадан астам өнім жеткізілді, оның ішінде 98 тонна ет, 300 тонна картоп, 150 тонна басқа да көкөкністер мен 100 тоннадан астам қайта өңдеу өнімдері болды. Оның барлығы 172 миллион теңгені құрады", - дейді Қарағанды облыстық ауыл шаруашылық басқармасы жетекшісінің орынбасары Сырым Бошпанов. 

Көкөністерді ең көп жеткізген Абай ауданы болды. Олар 110 тонна картоп, 20 тонна сәбіз және 35 тонна пияз әкелді. 
Барлық тауарлар төмендетілген бағамен сатылды. Осылайша, қой етінің бір киллограммы жәрмеңкеде 1100 теңге, сиыр еті – 1300 теңгеден жоғары, жылқы еті 1500 теңгеден жоғары бағамен сатылды. Балықтың бір келісі 600 теңге, картоп 50 теңгеден болды. 
Келесі ауыл шаруашылық жәрмеңкелері Қарағандыда 27-ші қазанда және 10-шы қарашада өтеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар