Қарағандылық кәсіпорындар өндірістерін сандық жүйеге ауыстыруға 270 млрд теңге бағыттайды - Жаңалықтар | BNews

Қарағандылық кәсіпорындар өндірістерін сандық жүйеге ауыстыруға 270 млрд теңге бағыттайды

23 ақпан, 19:13 1468 Қарағанды облысы
Қарағандылық кәсіпорындар өндірістерін сандық жүйеге ауыстыруға 270 млрд теңге бағыттайды

Биыл өндірісті жаңғырту жұмыстарына және сандық жүйеге көшіруге шамамен 270 млрд теңге инвестицияланады.

Қарағанды облысының кәсіпорындары "ақылды" өндірісті басқару жүйелерін енгізіп жатыр. Ол жұмыстар қалай жүргізіліп жатқаны туралы аймақ басшысы Ерлан Қошанов халықпен есептік кездесуі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Елбасы халыққа Жолдауында индустриалдау жаңа технологияларды енгізу флагманы екенін атап айтқан болатын. "АрселорМиттал Теміртауда" өндірістік процесстерді басқаратын зияткерлік жүйе құрылған. Екі модельдік фабриканың сандық жүйеге ауысуы бойынша жұмыстар басталды, ол сандық технологиялырдың мүмкіндіктерін іс жүзінде көрсететін болады", - деді Ерлан Қошанов "Сандық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына енгізілген жобалар туралы айта келе.

Шұбаркөл көмір разрезінде және "Алтын Алмас" алтын шығару кәсіпорында "Ақылды карьер" және "Сандық кеніш" жобалары іске асырылуда.

"Осы өзгерістердің барлығы біздің кәсіпорындарымызға өндіріс процесстерінің басым бөлігін оңтайландыруға, шығындарды қысқартуға және анағұрлым бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Биыл өндірісті жаңғырту жұмыстарына және сандық жүйеге көшіруге шамамен 270 млрд теңге инвестицияланады", - деп атап өтті облыс әкімі. 

Инвестицияларды жұмылдыру ең басты міндеттердің бірі болып табылады, олардың жүзеге асырылуынан билік басындағылардың жұмысына баға беру тәуелді болады. 2017 жылы аймақ экономикасына 359 млрд теңге салынған, ол өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға жоғарырақ. 2018 жылы күтіліп отырған инвестиция көлемі – 386 млрд теңге. 

"Ірі шет елдік компаниялармен әріптестік құру жұмыстары кеңейтілуде. Швейцариялық "Гленкор Интернешнл" Жәйремде құны 100 млрд теңгені құрайтын қазіргі заманғы байыту фабрикасының құрылысын бастады. Бельгиялық "Кармеус Груп" корпорациясымен бірлесе отырып, Осакаров ауданында әктас шығаратын зауыт құрылысы жобасы жасалып жатыр. Жалпы біз шет елдік серіктестермен бірге жалпы сомасы шамамен 1 млрд долларды құрайтын 20 белсенді жобаларды жүргізіп жатырмыз", - деді Ерлан Қошанов. 

Шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет қолдауы да септігін тигізуде, деп атап өтті ол. "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы бойынша облыста 250 жоба қолдау тапты.

"Нәтижесінде аймақ экономикасына бөлінген 1,5 млрд теңге көлеміндегі субсидияға 32 млрд теңге көлемінде инвестициялар жұмылдырылды", - деп атап өтті облыс әкімі.   

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 800-ден астам ісін енді бастап келе жатқан бизнесмендер 4,5 млрд теңге көлемінде шағын несиелер алды.

2017 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі 4,1%-ға өсіп, 2,3 трлн теңгеге жеткен.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары