Қарағандылық құтқарушылар өрт кезінде екі адамды құтқарып қалған жеткіншекті марапаттады - Жаңалықтар | BNews

Қарағандылық құтқарушылар өрт кезінде екі адамды құтқарып қалған жеткіншекті марапаттады

23 ақпан, 18:57 1456 Қарағанды облысы
Қарағандылық құтқарушылар өрт кезінде екі адамды құтқарып қалған жеткіншекті марапаттады

Қарағанды облысының ТЖД өрт кезінде екі адамның өмірін құтқарып қалған батырды марапаттады.

19 ақпанда кешкі сағат бес шамасында Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы Солтүстік-батыс кентінде Загаражная көшесі 3 үй, 2 пәтер бойынша бір қабатты жекеменшік тұрғын үйде газ баллонының ақауы салдарынан, газ жарылысынан кейін №2 пәтерде өрт болған, деп хабарлайды BNews.kz Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

№2 пәтерде 100 шаршы метрден астам ауданда жабының ішінара құлауы болды. Өрттің жалпы ауданы 200-ге жуық шаршы метрді құрайды. Өрт нәтижесінде  2001 жылы туған жасөспірім қыз бен 1994 жылы туған жігіт күйікпен ауруханаға жеткізілді. 14 адам мен 3 бірлік техникадан тұратын ТЖД Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметінің күші тартылды. Өрт болған пәтер түк қалмай жанып кетті. 

Он жеті жасар жігіт Алексей баладай емес, нағыз батырдай ерлік танытты. Осы сәтсіз күні көрші үйде тұратын Алексей өз үйінің ауласына шығып, көрші үйден түтін шығып жатқанын көреді, үйге жақындаған кезде ол көмек шақырған дауыстарды естиді. Шарбақтан секіріп, жанып жатқан көрші үйге жүгіріп, үйдің дәлізінде көмек сұрап жатқан екі адамды көреді, ойланбастан оларды далаға шығарады. Жас батыр оларды өрттен қолымен алып шыға алды. Ол саспай, оларды үйіне апарып, жедел жәрдем бригадасын шақырады.

Алексейдің анасы И.А. Шинкарева дұрыс шешім қалбылдаған балаларын мақтан тұтады. 

"Алғашқы медициналық көмекті фельдшер көрсетті. Ол жалғыз болды және менің қызым Вероникадан күйіктен қорықпайсың ба, киімін шешуге, күйікке залалсыздандырылған таңғыш салып, байлай аласың ба деп сұрады. Вероника сеніммен "иә" деп, фельдшерге көмектесе бастады", - дейді Алексейдің анасы. 

Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Б.Т. Кәрімов адамдарды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанкештілігі үшін жеткіншекке алғыс хат табыстап, зор денсаулық пен отбасылық бақыт тіледі. 

"Шанкаров Алексей жасаған ерлікті кез келген ересек адам жасай алмайды. Біздің облыс тұрғындарының арасында қиын уақытта өз өмірін қауіпке тіге отырып, көмектесуге дайын осындай батырларымыздың бар екеніне қуаныштымыз. Сізге зор денсаулық пен отбасылық бақыт тілейміз!" - деп айтып өтті. 

Ерлігі үшін А.В. Шинкарев  ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ведомствалық марапатына ұсынылады. А.В. Шинкарев оқитын Шахтинск тау-кен колледжінің директорына адамдарды өрттен құтқарғаны үшін марапаттауға өтініш хаты жолданады. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары