Қарағандылық мұғалімдер мен театр қызметкерлері сенаторға жалақының төмендігін айтты - Жаңалықтар | BNews

Қарағандылық мұғалімдер мен театр қызметкерлері сенаторға жалақының төмендігін айтты

11 қаңтар, 17:35 1794 Қарағанды облысы
Қарағандылық мұғалімдер мен театр қызметкерлері сенаторға жалақының төмендігін айтты

Сенатор дәрігерлермен, мұғалімдермен және мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін сенатор Сергей Ершов Қарағанды облысындағы денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесті.

Облыстық денсаулық сақтау саласының қызметкерлері депутатқа жаңа облыстық аурухана құрылысын салу мәселесін шешуге жәрдемдесу туралы өтініш айтты. Дәрігерлер қауымы ана мен бала өлімін азайтуға байланысты қолданыстағы заңнаманы өзгерту туралы өз ұсыныстарын да айтты.

Қарағанды политехникалық колледжінде С.Ершов білім беру саласының қызметкерлерімен әңгімелесті. Сенатор ел Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» халыққа Жолдауының негізгі ережелерін жан-жақты түсіндірді және Парламенттің 2017 жылы қабылдаған заңнамалық актілерінің мазмұны туралы хабардар етті.

Мұғалімдер колледждер мен мектептердің, әдістемелік кабинеттердің және балалар бақшаларының жекелеген педагог мамандары еңбекақысының төмендігіне назар аударды. Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс істеу үшін заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттігі атап өтілді.

С.Станиславский атындағы театрда өткен мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесуде Мемлекет басшысының Жолдауының мазмұны жайында жан-жақты әңгіме болды.

Сонымен қатар, сала қызметкерлері еңбекақысының төмендігі, мәдениет, кітапхана және мұрағат істері, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы жетілдіру қажеттігі туралы айтылды.

Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауында жаңартылған мазмұнға көшкен ұстаздардың жалақысын 30%-ға көйбейтуді тапсырды.

Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары. Мұндай жаңашылдық балаларға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар