Қарағандылық өлкетану мұражайында сақ мәдениеті залы жәдігерлермен толығады

23 қараша, 2018, 12:37 3301 Қарағанды облысы
Қарағандылық өлкетану мұражайында сақ мәдениеті залы жәдігерлермен толығады

Мұражайда Ұлы жібек жолы, халықтар арасындағы мәдени қарым-қатынас, қалалардың өсуі жайлы дәрістер өткізу жоспарланып отыр. 

Мектеп оқушыларына халықтар арасындағы мәдениет алмасулар, ежелгі қалалардың дамуы және оның ішінде Ұлытау ауданындағы ірі қоныстардың дамуы туралы жан-жақты таныстырылады, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық өлкетану мұражайында Ұлы жібек жолы тарихы туралы мұражайлық дәрістер өткізу жоспарлануда. Бұған қоса, келесі жылдың бірінші жарты жылдығында осы жылдың сәуірінде құрылған "Асыл мұра" өлкетанушылар клубының атқарған жұмыстары нәтижесі бойынша жинақ басып шығару көзделіп отыр.  

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даладағы жеті қыры" мақаласына тоқталды. 

Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында қазақ халқыны тарихы, мәдени мұрасы мен дәстүрлі құндылықтары кеңінен айтылған", - дейді мұражай директоры Ержан Нұрмағанбетов. 

Мұражай директорының ғылым жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Дәурен Жүсіповтың айтуынша, мұражай залдарында экскурсия өткізу барысында Ботай мәдениетіне, Бұқар жырау және Шет аудандарында табылған арба әбзелдеріне, Сарыарқаның алтын жауынгері, Қарқаралы ауданы, Абылай қонысындағы ерте темір дәуірі қоныстарының алғашқы қазбалары, ерте орта ғасыр кезеңі, Түрік қағанаты, тас мүсіндер-балбалдардың (адам тәріздес тас мүсіндер) тарихы, түрік дәуірінің жаңа ескерткіштері жайлы айту, әсіресе түрік жазуы – руна хаттарына тоқталу керек.   

Жиналыс барысында, сондай-ақ "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында алға қойылған міндеттерді орындауға септігін тигізетін басқа да ұсыныстар туралы айтылды. Онда "Алтын адам" мен "Сақтардың аң стиліне" баса назар аударылды. Мұражайдағы залды кеңейтіп, оны сақтардың өмір тұрмысымен байланысты жаңа жәдігерлер мен инсталляциялармен толықтыру ұсынылды.   

Қор бөлімінің меңгерушісі Меруерт Орыспаева өлкетану бойынша мұражайлық сабақтарда мұражайлық және археологиялық жәдігерлерді жиі қолдану туралы айтты. 

"Бізде жауынгер мен аттардың жиынтығы жақсы көрініс тапқан және оларды көру оқушыларды  қызықтырары анық, сонымен қатар, "Ұлы даланың ұлы есімдері" жобасына сәйкес, Республика мен облысымыздың дамуына зор үлес қосқан өлкенің атақты адамдары жайлы жеке кешенді материалдарды қолдану қажет", - деді Меруерт Орыспаева. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар