Қарағандының екі университеті әлемнің ең үздік ЖОО-лары рейтингіне енді

10 қазан, 2018, 19:15 1520 Қарағанды облысы
Қарағандының екі университеті әлемнің ең үздік ЖОО-лары рейтингіне енді

Рейтингті құраушылар 85 елдің 4000-нан астам оқу ордаларының арасынан ең үздіктерін таңдап алған. 

Қарағандыдағы ҚарМТУ және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ QS World University Rankings әлемнің үздік ЖОО рейтингіне енді. Рейтингті құраушылар 85 елдің 4000-нан астам оқу ордаларының арасынан ең үздіктерін таңдап алған, деп хабарлайды BNews.kz Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚарМТУ үшін ең үздік көрсеткіш ұстаздар мен студенттер санының ара салмағы болды. Бұл өлшемшерт бойынша ЖОО-ны әлемнің топ-250 университеттері тізіміне енді. Негізінен ЖОО ТОП-571+ кластеріне енді. Өткен жылы ҚарМТУ QS Әлемдік рейтингінде өзінің позициясын 74%-ға жақсартқан", - делінген хабарламада. 

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ қорытынды кестеде сәл төмендеу орында болып, 651-700 кластерінде позизияда орналасып, ТОП 601+ енді. 

Барлығы рейтингке 10 қазақстандық ЖОО енгізілген. Олардың қатарында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, ҚБТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Абылай Хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ бар. 

Айта кетейік, QS рейтингі – әлемдегі ең ықпалдылардың бірі. Оны құрастырушылар ЖОО жұмыстарын келесі өлшемшарттар бойынша бағалайды: академиялық ортадағы беделі, университет өкілдерінің ғылыми жарияланымдарының дәйексөзділігі, ұстаздар мен студенттер санының ара салмағы, жұмыс берушілердің түлектерге қатырм-қатынасы және шет елдік ұстаздар мен студенттердің салыстырмалы саны. Бұл көрсеткіштердің барлығын сарапшылар бес жыл аралығында қадағалайды. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар