Қарақшылық БҚЕ қаупі мен лицензиялаудың артықшылықтары - сарапшылар - Жаңалықтар | BNews

Қарақшылық БҚЕ қаупі мен лицензиялаудың артықшылықтары - сарапшылар

07 наурыз, 2018, 15:07 1689
Қарақшылық БҚЕ қаупі мен лицензиялаудың артықшылықтары - сарапшылар

2017-ші жылы ҚР Үкіметі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекітті, оның мақсаты экономика өсімін жеделдету болып табылады. Бағдарлама негізі саланы цифрландыру, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, адам әлеуеті мен инновациялық экожүйені жетілдіру болып табылды. 

Цифрландырудың деңгейі елдің бәсеке қабілеттілігінің жаһандық индексіне әсер етеді. Бұл ивесторлар үшін өте маңызды. Қазақстан әлем бойынша «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы бойынша 69-шы орынды иеленеді. Үкімет мемлекеттік органдар үшін Бағдарламалық жасақтаманы (БЖ)  біріңғай құқы немесе лицензиясы бар, бағдарламалық жасақтаудың ресми дистрибъютерінен сатып ала бастады.

Ақпараттық Технологиялар – инфрақұрылымдар мен оның қауіпсіздігі дұрыс лицензияланған бағдарламалық жасақтаумен тығыз байланысты. Қазақстан бойынша «көлеңкелі» БЖ деңгейі бұрынғысынша жоғары деңгейде, 4 бағдарламаның 3-уі,  BSA (The Software Alliance) мәліметі бойынша астыртын жасалғандар.

Кейбір бағдарламаның бұзылған нұсқасын жүктеп алғанда тұрған не бар деуге болады-ақ.  Сіздің компьютер болғасын, сіз қожайынсыз. Алайда жасырын БЖ қолдана отырып, сіз өзіңізді, әріптестеріңіз бен жақындарыңызға қауіп төндіресіз. Қауіпті жарнамалық БЖ, клавиатуралық тыңшылар, құпиясөздер мен тіркелу деректерін ұрлау бағдарламалары, хакерлерге арналған бэкдорлар мен шалғайдан басқарылатын бағдарламалық құрылғылар лицензиялық емес БЖ тарататын сайттар арқылы тарауы мүмкін. Сондай-ақ олар жүктелген бағдарламалар мен заңсыз активатор бағдарламаларында сақталуы мүмкін.

Лицензиялы емес БЖ бүкіл компания жұмысын тоқтатып тасауы мүмкін, тіпті кейде бүкіл өндірісті де, 2017-ші жылдың жазында Petya вирусымен зақымданған банк секторын еске түсіріп көрейікші. Егер бір зақымданған компьютер, ірі компания жүйесінде тіркелген болса, залалды БЖ барлық қызметкерлерге бірдей тарқап кетеді. Бір компьютердегі зиянды жөндеуге қанша уақыт кетеді? Ал олардың саны 10 болса ше? Саны -200, 500 болса ше? Осы шығындардың барлығы лицензиялық емес БЖ-ға кеткен жалған «үнемдеуге» тұрарлық па?  

Одан да алдын-ала білген дұрыс. Кеңестерге құлақ асыңыз:

  • БЖ құқық иесіне жүгініңіз

БЖ компьютер, ноутбуктармен бірге сатып алынады. Сатып алушы қандай БЖ орнатылғанына мән бермеуі мүмкін. Ал ісіне ықылассыз жеткізушілер «темірмен» бірге лицензиялы емес софты да сатып жіберуі мүмкін. Қазақстандағы тәжірибе көрсеткендей, бағдарламалық-аппаратттық кешенннің бағасы төмендету үшін, мұндай жағдай тіпті мемлекеттік сатып алулар кезінде де орын алады. Кейбір алақол жеткізушілер БЖ-ның арзан лицензиялық емес түрлерін сатып алады.  Windows бағдарламасының қосымша тексеруін, rapira@microsoft.com  email-не сұраныс жіберу арқылы анықтаңға болады.

  • Сатушыдан орнатылған БЖ түпнұсқа екенін анықтайтын дәлелдемелерді талап етіңіз, яғни ол барлық жаңартулар мен қолдауға құқық беріп,  сіз үшін өте маңызды болатын заңдық тұрғыдан қауіпсіз болуы тиіс. Microsoft БЖ түпнұсқасы бойынша https://www.microsoft.com/ru-ru/howtotell/default.aspx-тан білуге болады.
  • Назар аударыңыз – жапсырмалар!

Windows операциялық жүйесінің түпнұсқа сертификаттары (COA) ешбір жағдайда бөлек жеткізілмейді. Түпнұсқа жапсырма-сертификаттар Microsoft-тың лицензиялы өнімдерінің ішінде бірге жүреді. Мысалы олар компьютерге желімденуі мүмкін немесе қораптық өнімнің бір бөлігі немесе құрастырушылардың лицензиясында  болуы мүмкін. Жапсырма лицензия емес екенін естен шығармаңыз. Құрастырма бөліктерден бөлек жеткізілген жапсырмалардың қай-қайсынан болсын  аулақ болыңыз!

  • Тек сенімді сайттарда ғана  бағдарламаларды сатып алып, әрі жүктеңіз! Microsoft тауарлары, оның ішінде Windows пен Office-ті, Microsoft Store-мен бірге алуға немесе Microsoft-тың ресми серіктестерінің интернет-дүкендерінде алуға болады.
  • БЖ-ды «бір шерту» арқылы жүктеуді ұсынатын бір дәрежелі желілерден, торрент пен сайттардан жүктемеңіз. 
  • Бірнеше рет жүктеуге кілт беретін мүмкіндіктері бар құрылғы, тек корпоративті лицензиялық келісімі бар мекемелерге ғана тиесілі.

Мекеме сыртында бірнеше рет жүктеу мүмкіндігі бар кілттерді сату немесе тарату әрқашанда заңсыз. Заңсыз таратылатын кілттерді қолданбаңыз.

IDC компаниясынан ұсынымдар:

  • Жаңартылу қауіпсіздігіне мұқият қараңыз – оларды орнатуды кейінге қалдырмаңыз.
  • Қызметкерлер орнатқан БЖ  ұдайы тексеріп отырыңыз. 
  • Файлдағы мәліметтер қорының көшірмесін, мүмкіндігінше осы шақта жасап отырыңыз.  
  • Бопсалаушы-бағдарламалардың шабуылы кезінде төлем төлемеңіз – қылмыскерлерге сенуге болмайды.   

Адам жұмысы, компания мен сала нәтижелілігі сапалы бағдарламалық жабдықтаумен тығыз байланысты. «Көлеңкелі» БЖ сатып алу арқылы үнемдеу, ол компания жұмысына, банктегі шотқа, тіпті сүйіктілеріңіздің суреттеріне қауіп төндіру болып табылады. Ал бұл жабыраңқы тізбектің бастауы бір – ол лицензиялы емес бағдарламалық жабдықтау.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!