Қарапайым студенттен табысты кәсіпкерге дейін қадам басуы үшін жастарымыздың ойын өзгерту қажет

14 желтоқсан, 2018, 18:40 3396
Қарапайым студенттен табысты кәсіпкерге дейін қадам басуы үшін жастарымыздың ойын өзгерту қажет

Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Елбасы өскелең ұрпаққа барынша қолдау көрсетуге шақырды. Президенттің тапсырмасын орындай отырып, өңірлік ведомстволардың өкілдері жастар мәселелері бойынша тренингтен өтті және Эстония мен Финляндияға халықаралық танысу сапарына қатысты

80-нен астам мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері үш күн аралығында бір-бірімен белсенді қарым-қатынас құру бойынша тренингтен өтті. Шараға қатысушылар жастармен жұмыс атқарудағы, олардың табысты тұлға болуларын және де жемісті жұмыс істейтін жастарды тәрбиелеудегі білімдері мен дағдыларын жетілдірді.  Оқу 2018 жылғы қазан және қараша айларында өтті.

 

Тренингке білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, сонымен қатар жастар саясаты мәселелері жөніндегі  басқармаларының және бизнес-академиялардың өкілдері қатысты.

Оқу соңында қатысушылар алған білімдерін, тәжірибелерін және бизнес-кейстерін пайдалана отырып, өздері құрған жобаларын тренерлерге таныстырды.

Шетелдік әріптестерінен бойына түйген тәжірибесімен Шымкент қаласының Жастар, отбасы және балалар ісі жөніндегі басқармасының жетекшісі Жандос Қалтаевта бөлісті.

- Жастар арасында кәсіпкерлік икемділікті дамыту бірқатар мәселелерді шешуге септігін тигізеді. Біздің Эстониядағы және Финляндиядағы әріптестеріміз студенттер университетті тәмамдаған соң, өздері жұмыс орындарын құратын шағын және орта бизнесті насихаттауға талпынатынын айтты, - дейді Жандос Қалтаев.

Жастармен әртүрлі деңгейде жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін арттыруға арналған халықаралық сапар ҚР БҒМ және Дүниежүзілік банкпен жүзеге асырылып жатқан «Zhas Project» Жастар корпусын дамыту жобасы аясында ұйымдастырылған.

 

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!