Қараша айында Медициналық сақтандыру қорына 8,64 млрд теңге жарна түсті

06 желтоқсан, 2018, 15:26 3137 Астана
Қараша айында Медициналық сақтандыру қорына 8,64 млрд теңге жарна түсті

2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 30 қарашасына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 122,47 млрд теңгеге жетті.

Өткен айда Медициналық сақтандыру қорына 8,64 млрд теңгеден астам жарна түсті. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова мәлім етті, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 30 қарашасына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 122,47 млрд теңгеге жетті.

"Түскен соманың 113,83 млрд теңгесі (шамамен 93%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,64 млрд теңге (7%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі", - деді Ботагөз Жақселекова.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта бұл қаржы МӘМС пакеті аясында қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.   

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар