Қазақстандық спортшы қыз Үндістанда бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

23 қараша, 2018, 12:20 2735
Қазақстандық спортшы қыз Үндістанда бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Карина Ибрагимова ирландиядық Кетти Харрингтонға жол берді.

Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы жүлдегерлері анықталды. Олардың қатарында қола медальді иеленген қазақстандық Карина Ибрагимова да бар деп хабарлайды BNews.kz Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

60 келі салмақта әлемдік сынның жартылай финалына жеткен Карина ирландиядық Кетти Харрингтонмен жолыққан еді. Төрешілер жеңісті Кеттиге берді.

Осылайша, Карина өзі алғаш рет қатысып отырған әлемдік сында үздік үштікке еніп отыр. 

Айта кетейік, бүгін 51 келідегі Жайна Шекербекова финал жолдамасына таласады. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар