Қарқаралы орманында адасып кеткен үш отбасы табылды

4 Сентября, 2018, 11:38 2377
Қарқаралы орманында адасып кеткен үш отбасы табылды |  | BNews.kz

Олар медициналық көмекке жүгінген жоқ.

Қарқаралы ормандарына саңырауқұлақ теруге шыққан адамдар тобы адасып кеткен. Қарағандының құтқарушылары үш рет іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп, жоғалып кеткендерді тапты, деп xабарлады Baq.kz агенттігі.

Құтқарушыларға алғашқы қоңырау 31 шілде күні шамамен 14:00-де түскен. Ішінде 3 жастағы баласы бар, үш адамнан тұратын отбасы "Комиссаровка" шатқалына саңырауқұлақ теруге шығып, қайтар жолды таба алмай қалған.

"Іздеу-құтқару жұмыстарына Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мен құтқарушылары шықты. Адасқандармен телефон байланысы үзілмеді. 17 сағат 30 минутта "Комиссаровка" шатқалынан 3 шақырым қашықтықта адасқан отбасы табылды. Олар медициналық көмекке жүгінген жоқ", - дейді Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Сол күні кешке аталған шатқалға жидек теруге кеткен тағы бір отбасының жоғалғандығы жайлы белгілі болды. Құтқарушыларға бұл жайлы адасқан отбасының туыстары xабарлаған.

"Үш адам, оның біреуі 2003 жылы туылған бала күндізгі сағат 13:00-де орманға кетіп, қайтып оралмаған, байланысқа шықпаған. Жоғалғандарды табу үшін Төтенше жағдайлар қызметінің, Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінен құралған іздеу-құтқару тобы жұмылдырылды. Адасқан отбасы келесі күні "Ақтерек" қыстағынан табылды. Олар медициналық көмекке жүгінбеді", - дейді Жанна Дәуренбекова.

1 қыркүйек күні 12:00 сағаттан бастап Төтенше жағдайлар қызметінің, Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінен құралған іздеу-құтқару тобы "Аюшат" шатқалына кеткен екі адамды іздеген. Адасып кеткендермен ұялы телефон арқылы байланысу мүмкіндігі туып, олардың қай жерде екендігін анықтау мүмкін болған. ТЖД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, адамдар 14:00 сағатта Қарқаралы қаласынан 17 шақырым қашықтықтағы "Кендара" шатқалынан табылған.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13989

Похожие новости