Қармақшыда ІІ - ші халықаралық форум өтті

30 қазан, 2018, 18:26 1793 Қызылорда облысы
Қармақшыда ІІ - ші халықаралық форум өтті

Қармақшыда ағымдағы жылдың 27 қазан күні еңбек ардагері және шешен халқын депортациялау құрбаны Вахид Ахмадұлы Губановты еске алуға арналған «Физиология және медицина: Дене тәрбиесінің өзекті мәселелері» атты ІІ-ші халықаралық ғылыми практикалық форумы өтті

Форумға аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев, «Вайнах» ассоциация төрағасының І-орынбасары, «Даймохк» шешен-ингуш мәдени орталығының басқарма басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі Абу-Касым Айдрусович, Ингуш мәдени орталығының мүшесі Магомед Джабраилович, В.Губановтың баласы - Ислам Вахидович, шешен орталығының мүшесі Саид Селим, Корей мәдени орталығының мүшесі Юрий Федрович, «Сибирское здоровье» корпорациясының аймақтық кеңесшісі Айнаш Сағатқызы, Татар-башқұрт мәдени орталығының мүшесі Эльмира Зинуровна, Қызылорда облыстық білім басқармасының аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығының директоры Бауыржан Әбенғалиев қатысты.

Форумды аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Қайырбекұлы ашты. Форум барысында, Абу-Касым Айдрусович, Бауыржан Әбенғалиев, Жақсыбек Егізбаев, Айнаш Сағатқызы, Эльмира Зинуровналар баяндама жасап өтті. Форум соңында, аудан әкімінің орынбасары елге келген азаматтарды марапаттап, қорытындылады. Тағылымдық шара әрі қарай Вахид Ахмадұлы Губановты еске алуға арналған дзюдодан ашық турнирге жалғасты

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!