Жеңіс Қасымбек биыл АҚШ-қа ұшу үшін аккредитация рәсімдері басталатынын айтты

05 ақпан, 2019, 15:02 1546 Астана
Жеңіс Қасымбек биыл АҚШ-қа ұшу үшін аккредитация рәсімдері басталатынын айтты

Министрлік "Ашық аспан" жобасы бойынша Қазақстан мен АҚШ арасында әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім жобасын қол қоюға әзірледі.

2019 жылы АҚШ-қа ұшу үшін аккредитация рәсімдері басталады. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру барысы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында баяндама жасаған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдан бастап Министрлік қымбат күрделі жобалардан экономикалық ресайклинг орташа әдісіне көшеді.

"2019 жылы паритетті негізде республикалық және жергілікті бюджеттен 150 млрд теңге бөлу қарастырылған. Осылайша, 2025 жылға қарай жергілікті желіліредің жағдайын 90%-ға  дейін жақсартамыз", -  деді Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, 2019 жылы Министрлік "Эйр Астана" әуекомпаниясымен бірлесіп Жапония, Нью-Йорк, Шанхай және әлемнің басқа да ірі қалалары  бағыттары бойынша әуе қатынасын ашу жөнінде тиісті шаралар қабылдайтын болады.

"Биыл АҚШ-қа ұшу үшін аккредитация рәсімдерін бастаймыз. Министрлік "Ашық аспан" жобасы бойынша Қазақстан мен АҚШ арасында әуе қатынасы туралы үкіметаралық Келісім жобасын қол қоюға әзірледі. Қол қою биыл наурыз айына жоспарланды", - деді министр.

Бұдан бұрын, Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ пен Жапонияға тікелей әуерейстерді ашу мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар