Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады - Жаңалықтар | BNews

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

21 наурыз, 2018, 12:01 4683 Астана
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Сенат төрағасы әрбір шаңыраққа бақыт пен шаттық тіледі.

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық қазақстандықты Наурыз мейрамымен құттықтады. Құттықтау тілегін Сенат спикері өзінің твиттер-аккаунтында жазды, деп хабарлайды Bnews.kz.

"Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Әз-Наурызбен бірге шаңырақтарыңызға бақыт пен шаттық, бірлік пен татулық, ынтымақ пен құт-береке кірсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы – байырғы заманнан келе жатқан "көктемгі жаңару" мерекесі. Наурыз – бес мың жылдан астам уақыттан бері тойланып келеді. Бұл мейрам Орта Азия халықтары, соның ішінде қазақ халқының да ұлттық мейрамы екені баршамызға аян.

Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн, яғни 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар