Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды жаңа әліпбимен құттықтады - Жаңалықтар | BNews

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды жаңа әліпбимен құттықтады

20 ақпан, 13:07 880 Астана
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды жаңа әліпбимен құттықтады

Сенат спикері бұл Қазақстан үшін тарихи маңызы зор оқиға екенін атап өтті.

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Мемлекет басшысының жаңа бекіткен әліпбиімен құттықтады, деп хабарлайды BNews.kz

"2018 jylǵy 19 aqpanda Elbasy qazaq tiliniń jańa álipbıi týraly Jarlyǵyna qol qoidy. Bul tarıhı mańyzǵa ıe oqıǵa. Barshańyzdy shyn júrekten quttyqtaımyn!", - делінген Тоқаевтің Twitter-дегі ресми парақшасында жарияланған жазбада.

Осыған дейін Елбасы "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы жарлыққа қол қойғаны туралы хабарлағанбыз.

Бүгін жарияланған жаңа редакция бойынша латын графикасындағы қазақ әліпбиінде апострафтар алынып тасталды, сонымен қатар бірнеше әріп диграф арқылы жазылатын болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары