Каспий теңізінде шекарашылар ресейлік төрт азаматты қолға түсірді - Жаңалықтар | BNews

Каспий теңізінде шекарашылар ресейлік төрт азаматты қолға түсірді

01 тамыз, 12:11 2092 Маңғыстау облысы
Каспий теңізінде шекарашылар ресейлік төрт азаматты қолға түсірді

Шекара бұзушылар тығылып қалуға тырысқан.

Қазақстандық теңіз шекарашылары Баутино кентінен шекара бұзған Ресей Федерациясының төрт азаматын ұстады, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін сағат таңғы 02:50-де Теңіз шекарашылары Каспий теңізін шолып жүріп 44˚25′ солтүстік ендік пен 50˚00′ шығыс бойлығының аумағында қос "Ямаха" моторлы "Байда" типтес жылдам жүзетін шағын жүзу құралын кезіктірді.

"Қараңғыны қақ жарып кенеттен пайда болған теңіз шекарашыларының катерін байқап қалған "Байда" қашуға бет алған кезде оны тоқтату үшін шекарашылардың ескерту ретінде аспанға оқ атуына тура келді. Шекара бұзушылар бұдан әрі тәуекелге бел бумастан, зәкір тастап, қолдарын көтерді. Қайықта отырған 4 адамның барлығы да Ресей азаматтары. Екеуі – 52 жаста, біреуі – 36 жаста, ал біреуі небәрі 20 жаста. Қайықтан 200 литр ауыз су, қосымша баллонымен газ плита, азық-түлік пен қосалқы бөлшектер табылғанына қарағанда бұлар теңізде ұзағырақ жүреміз деп үміттенген болуы керек", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары