Қатты аязға байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде сабақтар тоқтатылды

25 желтоқсан, 2018, 11:14 2975
Қатты аязға байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде сабақтар тоқтатылды

Аяз салдарынан бірнеше аймақтағы мектеп оқушылары, сондай-ақ колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды.

Қатты аязға байланысты еліміздің бірқатар өңірінде және Астана мектептерінде сабақ болмайды, деп хабарлайды BNews.kz.

"25.12.2018 жылы ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші және екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды", - деп хабарлады Астана қаласының Білім басқармасында.

Қостанайда және Қарағандыда бірінші ауысымдағы 0-9 сыныптарына сабақ болмайды. Павлодарда 1-ауысымда оқитын 1-9 сыныптарға, Солтүстік Қазақстан облысында 0-11 сыныптарға сабақ тоқтатылды.

Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, ШҚО білім басқармасы Семейде, Риддерде және облыстың 3 ауданында сабақ болмайтыны туралы хабар таратқан. Семей қаласында минус 30 градусқа дейін аяз болады, 1-ауысымда оқитын 1-11 сыныптары және колледждердің 1-2 курстары оқымайды. Риддерде ауа температурасы минус 28 градусқа төмендейді, 1-ауысымдағы 1-9 сыныптарға сабақ болмайды. Зырян ауданында минус 28 градусқа дейін аяз болады, 1-ауысымда оқитын 1-4 сыныптарға сабақ болмайды.

Шемонаиха ауданында -32 градусқа дейін аяз болады, 1-ауысымдағы 1-9 сыныптарға сабақ болмайды. Аягөз ауданында минус 29 градусқа дейін аяз болады, 1-ауысымда оқитын 1-11 сыныптардық оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері оқымайды. Жарма ауданында минус 28 градусқа дейін аяз болады, 1-ауысымдағы 1-9 сыныптарға сабақ болмайды.

Еске салсақ, синоптиктер қатты аязға байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жариялаған болатын. 25 желтоқсаннан бастап күн баяу ұзарады, ал Таймырдан Сібірге жылжыйтын суық антициклонның сілемі Қазақстанның көптеген облысына қатты аяз әкеледі.

25-26 желтоқсанда Ақмола облысында 32-37, кей жерлерде 40 градус аяз күтіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#ауа райы #аяз #мектеп #сабақ

Читайте также

Похожие новости