Қауіпті препараттар нарықтан шығарылады - Жаңалықтар | BNews

Қауіпті препараттар нарықтан шығарылады

02 тамыз, 17:31 3084 Астана
Қауіпті препараттар нарықтан шығарылады

Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде құрамында Валсартан белсенді заты бар Нортиван және Вазар дәрілерін нарықтан шығаруға арналған баспасөз мәслихаты өтті.

"Чжэцзян Хуахай Фармасьютикалс" компаниясы өндірген құрамында валсартаны бар препараттар Қазақстан нарығында айналымнан шығарылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті төрайымының айтуынша, дәрілік заттар бойынша Еуропалық агенттік (EMA), АҚШ-тың тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектері сапасын санитарлық қадағалау басқармасы (FDA) Линхай провинциясында (ҚХР) орналасқан қытайдың Чжэцзян Хуахай Фармасьютикалс компаниясымен өндірілген белсенді субстанция валсартанды нарықтан қайтарып алуда.

"Қайтарып алуға препараттың кейбір партияларында қауіпті қоспаның болуы себеп. Валсартан препарттары қан қысымы жоғары науқастарға қолданылады. Қайтарып алу қытайлық компания өндірушілеріне жеткізетін валсартан белсенді фармсубстанциясында N-нитрозодиметиламин (NDMA) табылғаннан кейін бастамашылық етілді.  NDMA ықтимал адам канцерогені ретінде жіктеледі. Оның вальсартанда болуы, белсенді заттың өндірілу тәсілінің өзгеруімен байланысты  деп есептеледі. EMA, FDA қазір NDMA деңгейін және препаратты қабылдаған пациенттердің ықтимал әсерін бағалауды жүргізуде. Жаңа ақпарат жарияланған кезде, ол реттеуші органдардың сайттарында да жарияланады", - деді Людмила Бюрабекова.

Валсартан бар дәрілік препараттарды өндірушілер осы препараттың белсенді затына шикізат шығаратын компаниядан осы шикізаттың қанағаттанарлықсыз сапасы туралы хабарлама алды.

"Гедеон Рихтер" ААҚ өкілдігі хаты негізінде 2018 жылдың 10 шілдесінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің бұйрығымен 40 мг, 80 мг және 160 мг үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалардағы Нортиван дәрілік затының бірқатар топтамалары қайтарып алынды. Сановель компаниясы тіркеу сәтінен бастап өз өнімдерін Қазақстан аумағына әкелген жоқ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің ішкі тергеуі барысында Вазар препаратының тіркеу куәлігін қайтарып алу туралы шешім қабылданды. Препараттар ауыр дерттерді емдеуде қолданылғандықтан, емдеуші дәрігердің рұқсатынсыз препараттарды қолдануды тоқтатудың қажеті жоқ. Осыған байланысты, көрсетілген өндірушілердің валсартанын қолданатын барлық науқастарға дереу дәрігерге барып, перапарттарды  ауыстыруы керек", - деді Фармация комитетінің төрайымы.

Сонымен қатар ол Балкан фарма өндірушісі өз өндірісінің препаратын қабылдаған пациенттерді қадағалауды өз міндетіне алатынын жеткізді.

"Қайтарып алуға жататын препаратты қабылдаған науқастарға жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда емделуші дәрігерге бару қажет, ол әрі қарай дәрілік препаратты өндірушіге қабылдаумен байланысты анықталған әсерлер туралы баяндайды. Сондай-ақ, мұндай әсерлерді өндірушінің Қазақстандағы өкілдігі "Ratiopharm Kazakhstan" ЖШС-ға  хабарлауға болады, - деді "Ratiopharm Kazakhstan" ЖШС медициналық директоры Зайра Смаилова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары

Материалды әзірлегендер: