"Қазақ радиосы" шекараға жақын аймақтарға қолжетімді болады - Жаңалықтар | BNews

"Қазақ радиосы" шекараға жақын аймақтарға қолжетімді болады

16 ақпан, 13:34 1119 Астана

Еліміздің 12 ауданына радиожелісі өткізіледі.

Биыл Қазақстанның шекараға жақын аймақтарында орналасқан 12 ауданына радиожелісі өткізіледі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Республикалық радиохабар тарату тиімді жұмыс атқаруды талап етеді. Мысалы, елімізде "Қазақ радиосын" 2 млн адам тыңдай алмайды, ал "Шалқар" радиосының хабарлары 5 млн-дай тұрғынға жетпейді. Бұл, әсіресе, еліміздің шекараға жақын аймақтарына қатысты. Биыл 12 ауданына радиожелісі өткізіледі. Аталған аудандар Алматы, Оңтүстік-Қазақстан және Шығыс-Қазақстан облыстарындағы шекараға жақын аймақтарында орналасқан және бұл аудандар 300 мың адамды қамтиды", - деп хабарлады министр.

Ведомство бұл жұмысты келешекте де жалғастыруды жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары