"Қазақалтында" заңсыз алтын өндірушілерді жебеп жүрген полиция қызметкерлері ұсталды - Жаңалықтар | BNews

"Қазақалтында" заңсыз алтын өндірушілерді жебеп жүрген полиция қызметкерлері ұсталды

15 наурыз, 2018, 14:16 3214 Ақмола облысы

Ұсталғандарды тінту барысында 23 млн теңге, қару, жарылғыш заттар, түйіршіктелген және ұсақталған алтын табылған.

Ақмола облыстық ІІД-нің лауазымды тұлғалары ұсталды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Агенттік ҰҚК-мен бірлесіп, "Қазақалтын" ТМК АҚ кен шахтасынан заңсыз алтын өндіргендерге қол ұшын берген Ақмола облыстық ІІД лауазымды тұлғаларының қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Қылмыстық топқа Степногор ІІБ бастығының орынбасары Т.Дүйсембаев, Ақсу кенті полиция бөлімінің бастығы С.Бибатыров, Бестөбе кенті полиция бөлімінің бастығы Д. Айнагелдинов, Степногор ІІБ жедел қызметкерлері А. Жекібаев пен А. Құлышев, сондай-ақ дәстүрлі емес діни ағым өкілдері ұсталды", - делінген хабарламада.

Ведомствоның ақпараты бойынша, көрсетілген лауазымды тұлғалар сенімді адамдар арқылы шахтадан алтын ұрлаушылардан бірнеше рет, жүйелі негізде пара алып отырған.

Тінту барысында 23 млн теңге, атыс қарулары, жарылғыш құралдар, ұсақталған алтындар табылған.

"Осы жылдың 14 наурыз күні күдіктелер ұсталып, ҚР ҚПК 128 бабы бойынша Көкшетау қалалық ІІБ уақытша қамау изоляторына қамалды. Тексеру жүргізілуде", - делінген таратылған хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар