"Қазақфильм" еліміздің табиғаты туралы сыр шертетін деректі фильмдерді көрсетеді

10 желтоқсан, 2018, 10:35 2030

Фильмдер еліміздің ерекше табиғатын туралы әңгімелеп, баяндайды. 

Алматыда желтоқсанның 10 мен 14 аралығында, ҚР Ұлттық кітапханасыда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында отандық документалистика саласының майталмандары түсірген деректі фильмдердің көрсетілімі өтеді, деп хабарлады киностудияның баспасөз қызметі. Аталған фильмдер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында көтерілген мәселелерді көрсетеді.

Көрсетілім барысында "Қазақстан табиғаты: Хангүл соңынан", "Ерекше мекен. Qyzylorda" , "Қазақстан табиғаты: Қызғалдақтар атамекені", "Қазақстан табиғаты: "Алатау", "Қазақстанның түркі халықтары" циклынан "Құтыда жанған алау" фильмдері ұсынылатын болады.

"Қазақстан табиғаты: Хангүл соңынан" Фильмнің бас кейіпкері – Тоғай кермаралы (немесе бұхар бұғысы) шөлді аймақтарды мекендейтін асыл тұқымды бұғылар. Бір метрге жуық өсетін мүйізіне байланысты шығыста оны "хангүл", ал Батыс еуропа мәдениетінде – "хан гүлі" деп атайды. Сценарий авторы және режиссері В.Чернов.

"Ерекше мекен. Qyzylorda" фильмі әлемге танымал нысан – Байқоңыр ғарыш айлағына арналған. Неге бұл нысан дәл осы жерде құрылған және бұған не себеп? Жас астрофизик Байқоңырдың өткені, бүгіні және келешегі жайында сөз етеді. Режиссері  А.Каменский.

"Қазақстан табиғаты: Қызғалдақтар атамекені": Деректі фильмде автор әлемдегі ең танымал және сүйікті гүлдердің бірі – қызғалдақтар жайлы әңгімелейді. Қызғалдақ жер бетіне адамнан 20 миллион жыл бұрын пайда болғаны туралы айтылады. Режиссері О.Белялов

"Қазақстанның табиғаты: "Алатау" деректі фильм Жетісудың маржаны - "Алатауға" арналады. Т  Жетісу – Қазақстанның ең көркем мекендерінің бірі. Оның алуан түрлі географиялық аймақтарын көру үшін картаға үңілсеңіз болғаны.  Жетісудың оңтүстігінде Тянь-Шань таулары, солтүстігінде – Балқаш көлі. Режиссері – О.Белялов

"Қазақстанның түркі халықтары" циклынан "Құтыда жанған алау" фильмнің мақсаты түркі халықтарын байланыстыратын – тіл, тарих, мәдениет туралы сөз ету. Фильм ескі заманнан, күні бүгінге дейін нені сақтап, нені жоғалттық деген сауалға жауап іздейді. Сценарий авторлары – Б.Қайырбеков, А.Черендинова.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Алматы #Қазақфильм #деректі фильм

Читайте также

Похожие новости