"Қазақфильм" кішкентай "Томиристің" рөліне кастинг жариялады  - Жаңалықтар | BNews

"Қазақфильм" кішкентай "Томиристің" рөліне кастинг жариялады 

19 ақпан, 19:24 833 Астана

Қыздардың түр-әлпеті басты рөлді ойнайтын Альмира Тұрсынға ұқсауы тиіс.

"Қазақфильм" киностудиясы "Томирис" тарихи картинасына 3 пен 10 жас аралығындағы қыздарға кастинг жариялады, деп хабарлайды BNews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кастингте қойылатын талаптар: қыздардың шашы сары, көздері жасыл болуы керек. Жасы: 3 жастан 10 жас аралығындағы қыздар. Қыздар ірі пландағы (анфас және профиль), орта план және тұла бойы түсірілген, фильтрсіз және көзілдіріксіз түскен фотосуреттерін поштаға жіберуі қажет", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, анкеталық мәліметтерін, яғни: аты-жөні, туған жылы, бойы, салмағы, көзінің және шашының түсі, түсірілімдердегі тәжірибесі туралы ақпарат жіберу қажет. Кастингке барлық ұлт өкілі шақырылған.

Айта кетейік, "Томирис" фильмінің режиссері Ақан Сатаев Томиристің рөлін психолог-коуч Альмира Тұрсын сомдайтынын хабарлады. Бұл қазақстандық үлкен кинода оның дебюттік рөлі болмақ.

Кастингке қатысу ақысыз. Фото және анкета casting_satai@mail.ru электронды адресі бойынша қабылданады. Кастингке қатысқысы келетіндер кері байланыс үшін телефон нөмірлерін көрсетуі қажет.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары