Kazakh Tourism қазақстандықтарды ел ішінде көбірек саяхаттауға шақырды

16 мамыр, 2018, 17:15 2488 Астана
Kazakh Tourism қазақстандықтарды ел ішінде көбірек саяхаттауға шақырды

Kazakh Tourism, КТЖ және Хабар бірлескен жобаны іске асырып жатыр.

Kazakh Tourism және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниялары, сондай-ақ "Хабар" агенттігі қазақстандықтарды ел ішінде көбірек саяхаттауға ынталандыруды көздейтін бірлескен жоба жариялады, деп хабарлайды BNews.kz.

Бұл шара "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның қарамағындағы еліміздің әуежайлары мен теміржол вокзалдарында Қазақстанның түпкір-түпкірінде орналасқан туристік орындар туралы танымдық бейнебаяндарды көрсетуден басталады. Бейнебаяндарды Kazakh TV телеарнасы дайындаған.

Ұлттық тасымалдаушының айтуынша, роликтер Астана, Алматы, Ақтөбе Көкшетау және Орал қалаларындағы теміржол вокзалдарында, сондай-ақ Астана, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Павлодар және Шымкент қалалары әуежайларында орналастырылған.

"Біз Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау облыстарының туристік әлеуеті туралы бейнероликтер дайындадық. Болашақта еліміздің басқа да өңірлеріне арналған материалдар дайындауды жоспарлап отырмыз. Басты міндет – біздің отандастарымызға Қазақстанның ең әдемі және тылсым орындарын көрсету", - дейді Kazakh TV телеарнасының директоры Сандуғаш Рахымжанова.

2018 жылдың 5 маусымынан бастап "Discovering Kazakhstan", "Unknown Kazakhstan", "Aviator" сияқты қазақ және орыс тілдеріндегі туризм жайлы бағдарламалар "Тұлпар-Тальго" пойыздарының вагондарында көрсетіле бастайтынын атап өткен жөн.

"Соңғы жылдары теміржол бойынша саяхаттау одан да әрі тартымды болып келе жатыр. Жыл сайын Қазақстанның көрікті жерлерін тану үшін пойызбен жүруді қалайтын адамдардың саны артып келеді. Өз кезегінде Ұлттық тасымалдаушы бұл сапарларды туристерге ыңғайлы ету және оларға жоғары сапалы қызмет көрсету үшін бар күшін салуда", - деп атап өтті "Жолаушылар тасымалы" АҚ ("ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес кәсіпорны).

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің деректері бойынша 2017 жылы елдегі ішкі туристердің саны 5,5 миллион адамнан асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20% артық екен. Осылайша, статистика ішкі туризмнің соңғы жылдары халық арасында кеңінен танымал болу фактісін растайды.

"Біздің еліміздің оңтүстік аймақтарының тұрғындары Қазақстанның солтүстігіндегі бірегей мәдени немесе табиғи жерлер туралы біле бермейді, немесе керісінше, батыста тұратын адамдар Шығыс Қазақстанның туристік әлеуетін білмейді, ал шығыс тұрғындары Батыс Қазақстанмен таныс емес.

Сондықтан, азаматтардың ел ішінде саяхаттауы үшін ақпарат таратуға бағытталған осы бастама көтерілді. Бұл шара бюджеттік қаражат есебінен емес, үш ұйымның бірлескен күш-жігерінің арқасында ұйымдастырылғанын атап өту керек: жобаның концептуализациясын Kazakh Tourism жасады, роликтар Kazakh TV тарапынан дайындалған, ал ҚТЖ оларды өз ресурстарына орналастыруды қолға алды.

Бұл туристердің бағдары тізбегінің басынан бастап олардың назарын аударуға мүмкіндік береді: келген бетте әуежайдан немесе бір жерден екіншісіне кетіп бара жатқанда – вокзалдан.

Әрине, бұл жұмыс саяхатшылар бағдарының толық тізбесін қамтығанға дейін жалғасады", - деп "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Рашид Күзембаев қортындылап өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар