«Kazakhstan Global Investment Roundtable» өндіріс нарығын дамытуды ілгерлетті

8 Декабря, 2017, 16:07 2154
 «Kazakhstan Global Investment Roundtable» өндіріс нарығын дамытуды ілгерлетті |  | BNews.kz

Бүгін ҚР Үкіметіндегі брифинг аясында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумы аясында қазақстандық өндіріс нарығын дамыту және дайын өнім экспорты саласында елеулі серпіліс жасауға қатысты бірқатар келісімдерге қол қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz primeminister.kz-ге сілтеме жасап.

Біржан Қанешев Мемлекет басшысы шикізаттық емес экспортты 2025 жылға қарай екі есе ұлғайту міндетін бірнеше рет көтергенін атап өтті. Осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылды, оның қорытындылары Kazakhstan Global Investment Roundtable форумы аясында шығарылды.

Мәселен, Түркияның Yildirim Holding компаниясымен кальцийлендірілген сода өндіру жобасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Холдинг Жамбыл облысында кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт салуды көздеп отыр.

Сондай-ақ, құны $800 млн болатын «Алматы облысында Агроиндустриалдық кешен құрылысы мен Жамбыл облысында сүт-тауар фермасының құрылысы» жобасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Біржан Қанешевтің айтуынша, Алматы облысындағы Агроиндустриалдық кешеннің ерекшелігі - онда дайын ет өнімі экспортқа шығарылады.

Жалпы Kazakhstan Global Investment Roundtable қорытындысы бойынша жалпы сомасы шамамен $3 млрд болатын 11 келісім мен меморандумға қол қойылды.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13990

Похожие новости