Қазақ-корей тауар айналымы рекордтық 2,5 млрд долларға дейін жетті 

Написать нам
07 желтоқсан, 2018, 11:36 3135
Қазақ-корей тауар айналымы рекордтық 2,5 млрд долларға дейін жетті 

Оңтүстіккореялық инвесторлар 50-ге жуық жаңа жобаларды қарастырды.

Биыл Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы тауар айналамы екіжақты қатынас орнағалы бері ең жоғарғы деңгейге жетті, деп хабарлады "Хабар 24". Бұл туралы Сеулде өткен инвестициялық семинар барысында мәлім болды.

Жиынға Кореяның экспорт, сауда мен инвестицияны қолдау агенттігі мен "Қазақинвест" ұлттық компаниясы ұйытқы болды. Мәліметтерге сәйкес, қос елдің тауар айналымы екі жыл ішінде 500 миллион доллардан 2,5 миллиардқа дейін өсті. Келер жылы бұл көрсеткіш тағы артуы тиіс. Өйткені шара барысында Оңтүстік Корея кәсіпкерлеріне 50-ге жуық қазақстандық жоба ұсынылды. Олардың арасында жалпы құны 35 миллион долларды құрайтын екі емхана мен Шымкенттегі зауыт құрылысы бар.

"Қазақинвест" ҰК аймақтық қолдау жөніндегі директоры Жандос Темірғали 

"Бұл – инфрақұрылымдық жоба саналады. Ол да мемлекеттік пен жекеменшік әріптестігіне негізделген. Қазақстанда ақылы жолдарды енгізуге 267 млн доллар қарастырылған. Сондай-ақ, ауылшаруашылық кешенін дамытуға қатысты бірнеше жоба бар. Оның бірі – Қазақстандағы құс фабрикасының құрылысы. Жобаның жалпы құны 42 млн долларды құрайды", - деді Жандос Темірғали.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар