"ҚазАқпарат" пен "Анадолу" ынтамақтастық туралы келісімшартқа қол қойды

11 Апреля, 2018, 11:21 1976
"ҚазАқпарат" пен "Анадолу" ынтамақтастық туралы келісімшартқа қол қойды |  | BNews.kz

Келісімшартқа қол қою рәсімі Стамбулдағы Анадолу агенттігінің кеңсесінде өтті.

"Анадолу" агенттігі мен Қазақстанның "ҚазАқпарат" ХАА мемлекеттік ақпараттық агенттігі өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.

Кеілісімшартқа сәйкес "Анадолу" агенттігі мен "ҚазАқпарат" ХАА түрік, қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі жаңалықтармен, видеоконтент және фотосуреттермен алмасады.

Сондай-ақ тараптар Түркия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытады.

Осы рәсімге "Анадолу" агенттігі бас директорының орынбасары Мустафа Озкая, Стамбулдағы Қазақстан бас консулдығының кеңесшісі Бауыржан Әбдірахманов, "ҚазАқпарат" ХАА бас директорның орынбасары Данияр Өтешев және "ҚазАқпарат" ХАА ағылшын тіліндегі жаңалықтарының редакторы Алмас Жексенбеков қатысты.

Құжатқа Мұстафа Озкая мен Данияр Өтешев қол қойды.

"Анадолу" агенттігі мен "ҚазАқпарат" ХАА-гі арасында 2014 жылы өзаратүсіністік туралы меморандумға қол қойылған еді, ол қазіргі ынтымақтастық туралы қол қойылған  құжаттың негізі болып қаланды.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13853

Похожие новости