Қазақстан 10,5 мың тонна сиыр етін экспорттады

11 қазан, 2018, 19:33 3260
Қазақстан 10,5 мың тонна сиыр етін экспорттады

Агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін кем дегенде 2,5 есе арттыру бойынша Елбасының тапсырмасын орындау аясында етті мал шаруашылығын дамыту басым бағыттардың бірі болып саналады.

Қазақстан Республикасы етті мал шаруашылығының экспорттық әлеуеті отандық компаниялардың шетелге жеткізілетін өнімінің өсуімен расталады. Жыл басынан бері 10,5 мың тонна сиыр еті экспортталды, 46,5 мың бас аналық ірі қара мал сатып алу қаржыландырылды, бордақылау алаңдарына 42 мыңнан астам бұқалар тапсырылды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылық өнімдерін кем дегенде 2,5 есе арттыру бойынша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын орындау аясында етті мал шаруашылығын дамыту басым бағыттардың бірі болып саналады. 2018 жылға көрсеткіш 15 мың тоннаны құрады.

Өзбекстанның "Жәке" ШҚ қазіргі заманғы бордақылау алаңына мыңнан астам бұқалар жіберілді, онда бір мезгілде 3000 астам бас бордақыланады.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Қарағанды облысына іс сапары аясында бордақылау алаңының жұмысымен танысты.

Бұдан әрі шараның қатысушылары облыстың бірқатар кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Жұмыртқа бағытындағы "Агрофирма Курма" ЖШС құс фабрикасы кәсіпорын жыл сайын облыстық нарыққа 260 млн дана жұмыртқаны өндіреді және сатады. Осы жылы кәсіпорынға биоқалдықтарды қайта өңдеу арқылы энергияны үнемдейтін швейцариялық қондырығы пайдалануға берілді. 571 млн теңгеден астам инвестиция салынды.

Маргарин, май және сары май өнімдерін өндірумен айналысатын "Eurasian Foods" АҚ кәсіпорны жыл сайын 54 мың тоннадан астам өнімдер өндіреді. Қойылтылған сүт өндіретін цех құрылысына инвестиция жасалуда. Өнім Ресей Федерациясына, Қырғызстан Республикасына, сондай-ақ Тәжікстанға, Өзбекстан мен Түркменстанға экспортталады.

Соңында етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша республикалық селекторлық жиналыс және өңірдің ауылшаруашылық өнімін өндірушілермен кездесу болды. Оның қорытындысы бойынша облыс әкімдерінің орынбасарларына бағдарламаға фермерлерді тартуға бағытталған шараларды күшейтуге нақты тапсырмалар берілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар