Қазақстан – Ауғанстан бизнесмендері ынтымақтастық жөнінде келісті

03 тамыз, 2018, 19:24 3156 Астана
Қазақстан – Ауғанстан бизнесмендері ынтымақтастық жөнінде келісті

Кездесу барысында тараптар сауда-саттық және минералды ресурстар салаларындағы даму келешегін талқылады.

Бүгін Астанада ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен Ауғанстанның Өнеркәсіп және сауда министрі Хумаюн Расав бастаған ауғандық бизнесмендердің ірі делегациясының қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды BNews.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Шараға Ауғанстан мен Қазақстанның бизнес орталарының 40-тан астам өкілдері, сондай-ақ Kazakh Invest, Kazakh Export, "ҚТЖ", "Қазгеология" секілді ҚР ұлттық компанияларының басшылығы және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының өкілдері қатысты.

Сапар аясында ҚР инвестициялар мен даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов ауған делегациясымен кездесті, сондай-ақ қазақстандық және ауған бизнес өкілдерінің арасында B2B кездесулері өтті.

Сапар барысында тараптар түрлі салалардағы, атап айтқанда сауда-саттық және инвестициялар, ауыл шаруашылығы, жер және әуе көлігі, сондай-ақ геология және минералды ресурстар салаларындағы Қазақстан-Ауғанстан қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылады.

Сонымен қатар, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының алаңында ауыл шаруашылығы, көлік және логистика секілді салалардағы Қазақстанның шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды.

Айта кету керек, аталған шара екі елдің мемлекеттік сектор өкілдері мен бизнес өкілдерінің қызығушылығын тудырды. Осылайша, сауда-экономикалық қатынастардың негізгі тақырыптары талқыланды.

Шара қорытындысы бойынша делегациялардың басшылары Конференцияның келісілген хаттамасына қол қойды.

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында $180,2 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3%-ға жоғары ($151,1 млн).

2005 жылдан бастап 2018 жылдың І тоқсаны кезеңінде Ауғанстаннан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $0,2 млн құрады. 2005 жылдан бастап 2018 жылдың І тоқсаны аралығында Қазақстаннан Ауғанстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағымы $0,3 млн құрады. Бірлескен кәсіпорындар: 2018 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда ауғандық қатысумен 272 заңды тұлға, бөлімшелер мен өкілдіктер тіркелген, оның ішінде қызмет істеп тұрғаны - 119.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар