Қазақстан алғаш рет ISAR төрағасының орынбасары болып сайланды

26 қазан, 2018, 16:39 3078
Қазақстан алғаш рет ISAR төрағасының орынбасары болып сайланды

ISAR халықаралық стандарттар мен әлемдік озық тәжірибелерді практикалық түрде іске асыруға жәрдемдеседі.

Қазақстан алғаш рет Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ISAR) үкіметаралық жұмыс тобының төрағасының орынбасары болып сайланды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2018 жылдың 22-26 қазан аралығында Женевада (Швейцария Конфедерациясы) Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ISAR) арналған үкіметаралық жұмыс тобының 35-отырысы өтуде. Бұл алаңда алғаш рет Қазақстанның өкілі ISAR төрағасының орынбасары болып сайланды", - деп хабарлады министрлікте.

Бухгалтерлік есеп және есеп беру Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Осы мақсатта бухгалтерлік есепті және есептілікті әзірлеу, озық тәжірибелерді бөлісу саласындағы ең өзекті мәселелер мен басымдықтарды айқындау үшін ғаламдық және инклюзивті форум ретінде Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ISAR) арналған үкіметаралық жұмыс тобы құрылды.

ISAR аясында талдамалық зерттеулер, жыл сайынғы отырыстар мен семинарлар, халықаралық стандарттар мен әлемдік озық тәжірибелерді практикалық іске асыруға жәрдемдесу үшін басшылық құжаттар және техникалық көмек жобалары бойынша өткізіледі.

"35-сессияда цифрлық валюталар және блокчейн (блок тізбегі): есепке алудың салдары, қаржылық және қаржылық емес есептіліктердегі соңғы оқиғалар және олардың SDG үшін салдары, тұрақты даму туралы есептердің салыстырмалылығын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік және жеке секторларда есепке алу мен есеп берудің халықаралық стандарттарын практикалық түрде іске асыру мәселелері қарастырылады", - делінген хабарламада.

Қазақстанда "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Заңы ТММ аймағында бірінші болып қабылданды.

Мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің тиімділігіне баға берілді және тиімділік аудитінің әдістемесі әзірленді (ішкі аудит және қаржылық бақылаудың іс жүргізу стандарттары, "Ішкі аудит қызметінің жұмысына баға беру", ішкі аудит қызметінің тиімділігін тексерудің рәсімдік стандарттары).

Қазақстанда 2015-2016 жылдар кезеңінде корпоративтік есептілік инфрақұрылымын бағалау жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша ұсынымдар берілді.

Қазіргі уақытта Қаржы министрлігі кәсіптік бақылауды жүзеге асыру бойынша қазақстандық кәсіби қауымдастықпен белсенді жұмыс істеуде, сондай-ақ бухгалтерлер мен аудиторларды сертификаттау жүйесін жетілдіруде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар