Қазақстан әуе кемелерінің бортындағы жүріс-тұрыс туралы конвенцияны ратификациялады

08 желтоқсан, 2018, 14:58 3154 Астана
Қазақстан әуе кемелерінің бортындағы жүріс-тұрыс туралы конвенцияны ратификациялады

Соған сәйкес заңға Мемлекет басшысы қол қойды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны және Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны өзгертетін хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны және Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны толықтыратын хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар