Қазақстан бойынша айт намазының уақыты жарияланды

14 маусым, 2018, 16:56 3194
Қазақстан бойынша айт намазының уақыты жарияланды

15 маусым Ораза айтының алғашқы күні болады.

Қазақстандағы әр аймақта айт намазының басталу уақыты бекітілді, деп хабарлайды BNews.kz Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Әр аймақта айт намазы әртүрлі уақытта басталады. Алғашқылардың бірі болып мерекені Алматы, Алматы облысы мен Қарағанды тұрғындары сағат 6:00-де қарсы алады. Содан кейін айт намазы Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Талдықорғанда сағат 6:30-да оқылады. 7:00-де айт намазы Астана, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Қызылорда, Павлодар, ШҚО, Семей және Жезқазғанда басталады. Ал 7:30-да – Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары, Қостанайда.

Бұған дейін Ташкентте Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның ислам ғалымдары Ораза айт күнін анықтау туралы мәселені талқылады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы Кеңес мүшелеріне Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың мерекемен құттықтау хатын оқып берді.

Кездесу барысында бауырлас елдердің ғалымдары Құран аяттары, Пайғамбардың хадисі және астрономиялық есептеулер негізінде бірауыздан дауыс беріп, 15 маусым күнін Ораза айт мейрамының алғашқы күні деп бекітті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар