Қазақстан дзюдодан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

22 қазан, 2018, 11:07 1719
Қазақстан дзюдодан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Сайысқа әлемнің  67 елінен 500-ге жуық жас татами шеберлері қатысты.

Нассауда дзюдодан жастар арасында өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы аралас командалық сайыста қола медаль жеңіп алды. Қазақстандық дзюдошылар  финалда Франция құрамасын 5:3 есебімен ұтып, жарыстың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BNews.kz Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан Германия құрамасын 5:1 жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Алайда, жартылай финалда Бразиялия құрамасына 1:5 есебімен жеңіліп, жарыстың қола жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.

Аралас командалық сайыста Қазақстан жастар құрама сапында Арслан Есенгел, Нарбаев Бауыржан, Аңсарбек Ғайнуллин, Жанболат Бағтбергенов, Ерасыл Болат, Дінахмет Рыссымбек, Санжар Жаббаров, Ғалия Тынбаева, Ақмарал Науатбек, Аида Карчаева, Мөлдір Нарынова және Камила Берліқаш күресті.

Естеріңізге сала кетсек, 17-21 қазан күндері Нассау қаласында (Багама аралдары) дзюдодан жастар арасында Әлем чемпионаты өтті. Әлемнің  67 елінен 500-ге жуық жас татами шебері қатысты. Жылдың ең маңызды байрақты бәсекесінде Қазақстан құрамасының қоржынына екі қола жүлде түсті. Осыған дейін 73 келіне дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Жанболат Бағтбергенов қола жүлдегер атанса, бүгін аралас командалық сайыста Қазақстан құрамасы тағы бір қоланы жеңіп алды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар