Қазақстан елшісі Литва президентіне сенім грамотасын тапсырды

25 қазан, 2018, 10:29 1122
Қазақстан елшісі Литва президентіне сенім грамотасын тапсырды

Литва президенті 2011 жылы Қазақстанға жасаған сапарын жылы лебізбен еске түсірді.

Қазақстанның Литва Республикасындағы елшісі Виктор Темирбаев Литва президенті Дале Грибаускайтеге сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, Литва мемлекетінің қайта құрылуының 100-жылдық мерейтойына орай Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын жеткізе отырып, Виктор Темірбаев Қазақстан мен Литва арасындағы сенімді әріптестікті жалғастыратын және көптараулы қазақстандық-литвалық ынтымақтастықты одан әрі дамытатын Астананың айнымас бағытын атап өтті.

Литва президенті өз кезегінде, 2011 жылы Қазақстанға жасаған сапарын жылы лебізбен еске түсіріп, литвалық жастарды 2018 жылы жазда Қарағанды облысына экспедициясын өткізуіне орай қазақстандықтарға алғысын білдірді.

"Кездесу барысында тараптар, екіжақты қатынастар мен халықаралық проблематиканың өзекті мәселелерін талқыға салып, транзиттік-көліктік әлеуетті одан әрі дамыту, "жаңа экономика", ауыл шаруашылығы, білім беру мен медицина салаларындағы кең ауқымды перспективаларға жіті көңіл бөлді", - делінген хабарламада.

Литва басшысы Дале Грибаускайте Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның серпінді әлеуметтік-экономикалық түрленуіндегі және жаһандық қауіпсіздік құрылымын нығайтудағы рөлін жоғары бағалады.

Дале Грибаускайте литва тарапының екі мемлекет үшін басым салаларда Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі арттыра түсуге дайын екенін құптап өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар