Қазақстан Германиямен бірлесіп, ТКШ саласына цифрлық технологияларды енгізеді

16 қараша, 2018, 15:39 2959
Қазақстан Германиямен бірлесіп, ТКШ саласына цифрлық технологияларды енгізеді

"ТКШ ҚазОрталығы" АҚ Diehl Metering неміс компаниясымен және оның Қазақстандағы ресми әріптесі "RMK Systems" ЖШС-мен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Қазақстанның Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев бастаған қазақстандық делегация Вена қаласында (Австрия) European Utility Week 2018 апталығына барды. Бұл – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен қалалық инфрақұрылымдағы соңғы жаһандық үрдістерін талқылау үшін бүкіл әлемнен 12 000-нан астам қатысушыларды жинаған ең ірі халықаралық шара, деп хабарлайды BNews.kz "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің және "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ өкілдері әлем елдерінің павильондарында болды, онда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында әртүрлі цифрлық шешімдер мен жаңа технологиялар ұсынылды. Қазіргі уақытта ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен нысандарын пысықтау бойынша бірлескен жұмыс жүргізіліп жатқан Siemens, Itron, Sagecom, MyHeat, Lowfoot, Triacta және KX компанияларымен кездесулер өткізілді.

"Биылғы жылы Smart Grid – "ақылды" қуат беру желілерінің технологиясын енгізу және дамыту іс-шараның басты тақырыбы болды. Бұл – барлық елдердің энергетикалық жүйесінің сенімділігі мен экономикалық тиімділігін арттыру, өндіріс пен энергияны тұтыну теңгерімін сақтау үшін дамыған елдерде қолданылатын түбегейлі жаңа тәсіл. Айта кету керек, Қазақстан да осы бағытта белсенді түрде дамып келеді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде – заңнама жетілдіруде, тұрғын үйді басқарудың заманауи әдістері, жаңа цифрлық технологиялар енгізілуде", - деді ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Көрмеге бару барысында "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ Diehl Metering неміс компаниясымен және оның Қазақстан Республикасындағы ресми әріптесі "RMK Systems" ЖШС-мен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Diehl Metering компаниясы көптеген салалар үшін инновациялық технологияларды әзірлеп, шығаратын Diehl Group ұлтаралық компаниясының бір бөлігі болып табылады. Компания инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешені саласында Франция, Германия, Дания, Испания, БАӘ, Қытай және басқа елдер сынды 12 елде ресурстарды есепке алу зияткерлік құрылғылары бар үйлер мен ғимараттарға арналған жобаларды іске асырды.

Diehl Metering-пен ынтымақтастық суды, газды, жылуды және электр энергиясын ұтымды пайдаланудың кешенді шешімдерін енгізу үшін бірлесіп жұмыс жасауды көздейді.

"ТКШ ҚазОрталығы" АҚ басқарма төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаевтың айтуынша, бастапқы кезеңде жұмыс үш бағытта жүзеге асырылады.

"Бірінші – Астанадағы пилоттық жобаны іске асыру, ол көп пәтерлі тұрғын үйді заманауи зияткерлік құрылғылармен нақты уақыт режимінде есепке алуды қадағалау үшін бағдарламалық өнімдерге қосылған ресурстарды пайдалануды өлшеу үшін жабдықтауды көздейді. Екінші – "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ қызметкерлерін оқыту және ресурстарды тұтынуды есепке алу үдерістерін цифрлау тәжірибесін беру. Үшінші бағыт – бюджеттік қаражатты қосымша пайдаланусыз Қазақстандық аспаптандыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ Diehl Metering өнімдері үшін тауар несиесін беру мүмкіндігін пысықтау. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы аумағында заманауи зияткерлік өлшеу құрылғыларының өндірісін орналастыру жоспарланып отыр", - деп атап өтті Нұрсұлтан Жиенбаев.

Магнитті сепараторлардың көмегімен суды тазарту технологиясын ұсынатын канадалық Black Powder Solutions компаниясымен жемісті кездесу өткізілді. Мұндай технологияларды пайдалану жылу және сумен жабдықтау жүйелерінің құбырларын пайдалану мерзімін ұзартады. Келіссөздер барысында Тараз және Атырау қалаларында пилоттық жобаларды жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді. Сынақ ретінде пайдаланудың оң нәтижесі болған кезде Қазақстан Республикасы аумағында жабдық өндірісін орналастыру мүмкіндігі қарастырылатын болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар