Қазақстан халқының, қоғамының санасын селт еткізетін мақала –  ғалым

21 қараша, 2018, 14:49 1763 Астана
Қазақстан халқының, қоғамының санасын селт еткізетін мақала –  ғалым

Әсел Назарбетова Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы  тарихымызға оң көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының, ақпараттық талдау бөлімінің қызметкері Әсел Назарбетова ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласындағы терең философиялық және дүниетанымдық ойларына тоқталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Қазақстан халқының, қоғамының санасын селт еткізетін елдің, ұлттың, мемлекеттің тарихына тағы бір терең үңілуге түрткі болатын Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы жарық көрді. Мұндағы айтылған терең философиялық, дүниетанымдық ойлар Елбасының үнемі Қазақстан халқы  назарына бағыттап жүрген идеялары мен мақалаларының жалғасы іспетті.

Біз Қазақстан Республикасының әр-бір азаматы қоғамның саналы мүшесі ретінде қалыптасқан мемлекет тарихына қайта үңіліп, оны ғаламдық тарихи процестермен байланыстыра отырып түйсіну арқылы өз тарихымызға оң көзқарас қалыптастыруға Елбасы мақаласы арқылы бағыт аламыз", - деді Әсел Назарбетова

Оның айтуынша тарих құндылықтарын зерделеуде мақаланың алар орны ерекше.

"Бұл тарих Қазақстанда ұзақ жылдар мекендеп оның өркендеуіне жеке үлестерін қосып келе жатқан барлық этностардың жалпы ортақ тарихы ретінде қабылданып, бұрмалаусыз, жасырынсыз талқыланып, жарияланып,талданып, зерттеліп, зерделеніп жату қажет.

Енді біз осы мақаладағы бағыттарға байланысты, сонда көрсетліген қырларға байланысты Қазақстан аумағын бұрын ежелгі дәуірде мекендеген тайпалардың, ұлыстардың, ұлттардың, осы жалпы әлемдік тарихқа қосқан үлесі, әлемдік адамзаттың дамуына қосқан үлесіндегі материалдық құндылықтарды тағы бір рет зерделеп, сол құндылықтарды зерттеу арқылы тарихымызды толықтыруға, түгендеуге, жаңа бағыт, жаңа бағдар алатынымызға, ары қарай да сол бағытта жұмыс істеуге тағы да алдымызға міндеттер қойып отыр", - дейді ғалым.

Әсел Назарбетова мақаладағы алма мен қызғалдақ тақырыбына да еркеше тоқтала кетті.

"Мен өзім Алматы қаласының тумасы болғандықтан, мен үшін мақаладағы Қазақстан алманың және қызғалдақтың Отаны деген қыры өте қызықты болып отыр. Шынымен де алманың шығу тарихына байланысты көптеген пікірлер бар. Біз соны шынымен қазіргі алманың генетикалық протатипі алдыңы ең басты алмасы осы қазақтың жерінде Алатаудың баурайында шыққанын мүмкін осы әлемдік қауымдастыққа тағы да бір жеткізіп, оны фактілермен дәлелдеу керек шығар деп ойлаймын",  - деді Әсел Назарбетова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: