Қазақстан Қырғызстанға ТюркПА төрағалығын табыстады - Жаңалықтар | BNews

Қазақстан Қырғызстанға ТюркПА төрағалығын табыстады

27 желтоқсан, 17:15 1565 Астана
Қазақстан Қырғызстанға ТюркПА төрағалығын табыстады

Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповты қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz parlam.kz-ке сілтеме жасап.

Палата Спикері А. Мамаюсуповты лауазымына кірісуімен құттықтап, Қазақстан Парламенті ТүркПА аясындағы ынтымақтастықты дамытуға баса мән беріп отырғанына тоқталды.

Сондай-ақ, Мәжіліс төрағасы осы бағыттағы бірлескен жұмыс барысында түркітілдес мемлекеттер арасындағы достықты нығайтуға маңызды үлес қосатынын айтты.

Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин 2017 жылдың желтоқсанында Қазақстаннан Қырғызстанға ауысқан ТүркПА-ға төрағалығы кезінде түркітілдес елдер парламенттері арасындағы өзара іс-қимыл қарқынды түрде жалғасатынына сенім білдірді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар