Қазақстан мен АҚШ бизнес өкілдері бірқатар құжатқа қол қойды

Написать нам
25 қазан, 2018, 12:33 1618 Астана
Қазақстан мен АҚШ бизнес өкілдері бірқатар құжатқа қол қойды

Алдағы уақытта Smart cities және Астана Халықаралық қаржы орталығы резиденттік жобалары іске асырылады.

Америка Құрама Штаттарының сауда министрі Уилбур Ростың Қазақстанға ресми сапары аясында елордадағы "Rixos President Hotel" қонақ үйінде Қазақстан-Америка бизнес-форумы болып жатыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Шараға ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен АҚШ сауда министрі Уилбор Росс, ҚР министрліктер мен ведомстволардың басшылары, америкалық 20 компания қатысып жатыр. Олардың ішінде Baron Services, Compass Directional Guidance, BAN International, Borusan Makina, Equipetrol LLC, DTN, Caterpillar, Inc, Honeywell, FAST Global, FLIR Systems, Inc, Miyamoto International, Safe Ports, Sorenson Genomics, McLarty Associates, Tiger Rentals & Services, Mayer Agri Equipment, USC LLC бар.

Астана Халықаралық қаржы орталығы, Астана қаласының әкімдігі және Master Card компаниясының өкілдері Smart cities және Астана Халықаралық қаржы орталығы резиденттік жобаларын іске асыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы және Baron Services өкілдеріне Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық жүйесінің жобасы туралы меморандумға, "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы және Honeywell компаниясы өкілдері жобаларды қолдау туралы меморандумға, Қазақстан-Британ техникалық университеті және Honeywell компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға, Қазақстан Инжениринг, "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы және Sierra Nevada corporation өкілдері өңірлік авиациялық құжаттарды құрастыру жобасын іске асыру жөніндегі ниеттер туралы құжатқа, Ақпараттық есеп орталығы және DTN компаниясы өкілдері ауыл шаруашылығындағы метеорологиялық қызмет көрсету жөніндегі жобаны іске асыру туралы меморандумға қол қойылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: