Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы автомобиль қатынасы туралы келісім ратификацияланды - Жаңалықтар | BNews

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы автомобиль қатынасы туралы келісім ратификацияланды

07 ақпан, 16:16 815 Астана
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы автомобиль қатынасы туралы келісім ратификацияланды

Бүгін аталған құжатқа Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Парламент Сенатында Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы қаралған болатын.

2017 жылғы 3 сәуірде Баку қаласында жасалған құжат Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы халықаралық автомобиль қатынасында жолаушылар мен жүктер тасымалын, олардың аумақтары арқылы транзитті, сондай-ақ үшінші елдерге тасымалдарын реттеуді қамтамасыз етеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары