Қазақстан мен БАӘ байланыс техникасы саласында жобаларды іске асырмақ

12 ақпан, 2018, 20:12 867
Қазақстан мен БАӘ байланыс техникасы саласында жобаларды іске асырмақ

Дәурен Абаев Португалия, Коста-Рика, Словения, Мексика және БАӘ өкілдерімен бірге II "Бақытты жаһандық диалог" жұмыс кездесуіне қатысты.     

Дубайдағы VI Дүниежүзілік үкімет саммиті аясында Дәурен Абаев шетел үкіметтерінің өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Ақпарат және байланыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында азаматтардың мемлекеттік және әлеуметтік қызметтермен қанағаттануын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Жиналысқа қатысушылар тұрақты даму мақсаттарына және БҰҰ-ның 65/309 қарарына қол жеткізуге көп жақты көзқарасты күшейту қажеттігін қолдады. Бірлескен күш-жігерді үйлестіру қажеттілігі де талықланды.

Кездесулердің жеке блогы жасанды интеллект пен жаһандық цифрландыруға қатысты болашақ проблемаларына арналды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Коста-Рика, Португалия, Словения, Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері және Мексикадан мемлекеттерінен тұратын "Бақыттың коалициясы" құру туралы меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ, Дәурен Абаев БАӘ-нің Бақыт және өркендеу мәселелері бойынша мемлекеттік министрмен екі жақты кездесу өткізді. Тараптар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен цифрлық қызметтер саласында бірлескен жобаларды ілгерілету үшін нақты байланыс тұлғаларын анықтау туралы келісімге қол жеткізді. Сонымен қатар, жақын арада мемлекеттік қызмет саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы келісімге қол жеткізілді.

Биыл 10-14 ақпанда Дубай қаласында жыл сайынғы Дүниежүзілік үкімет саммиті өтуде. Іс-шара "Келешектегі үкіметтерді өзгерту" ұранымен өтеді.

VI Дүниежүзілік үкімет саммиті - технологиялық прогресс пен азаматтардың прогрессивті күтулеріне негізделген болашақ үкіметтерді зерттеуге арналған ең ірі ғаламдық платформа.

Сондай-ақ, саммит мемлекеттік қызмет, басқару және инновация саласындағы болашақ үрдістерді көрсетеді. Жыл сайын саммит 130-дан астам елдің, оның ішінде мемлекет басшылары, саясаткерлер, ғалымдар, халықаралық ұйымдардың өкілдерінен құралатын 3000-нан астам қонақты тартады, бұл тәжірибе мен инновациялар алмасуға, сондай-ақ тұрақты ынтымақтастықты байланыстарын орнатуға тамаша мүмкіндік туғызады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар