Қазақстан мен Эстония Премьер-министрлері цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты талқылады

05 қараша, 2018, 15:03 2318 Астана
Қазақстан мен Эстония Премьер-министрлері цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Кездесу барысында экономиканың маңызды секторларын цифрландыру мәселелері қаралды.

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанға Digital Bridge форумына және Astana Hub АТ-стартаптар халықаралық технопаркінің таныстырылымына қатысу үшін ресми сапармен келген Эстония Республикасының Премьер-министрі Юри Ратаспен кездесу өткізді, деп хабарлайды BNews.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі елдің ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастығын одан әрі нығайту және кеңейту, сондай-ақ, экономиканың маңызды секторларын цифрландыру мәселелері талқыланды. Олардың арасында білім беру, денсаулық сақтау, сауда, көлік және логистика салалары бар. "Жасыл көпір" президенттік бастамасы аясында жүзеге асырылған Жасыл технологиялар орталығының базасында және жалпы қалдықтарды кәдеге жарату саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Ауыл шаруашылығы, кедендік декларациялауды автоматтандыру, сондай-ақ цифрлық экономика үшін білікті кадрларды даярлауда тәжірибемен алмасу саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларына ерекше назар аударылды.

Бақытжан Сағынтаев қазақстандық тараптың цифрландыру саласында, әсіресе, Астанада "Экспо" аумағында халықаралық АT-университетті ашу жоспарларын ескере отырып, АТ мамандарын даярлау бойынша тәжірибе алмасуға үлкен қызығушылық танытатынын жеткізді.

Өз кезегінде Юри Ратас форумға шақырғаны үшін алғысын білдірді, сонымен қатар екіжақты қарым-қатынастардың жоғары әлеуетін және Эстонияның одан әрі ынтымақтасуға деген ықыласын атап өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар