Қазақстан мен Иордан Үкіметтері арасындағы төтенше жағдайлар туралы келісім ратификацияланды

11 қазан, 2018, 16:05 2960 Астана
Қазақстан мен Иордан Үкіметтері арасындағы төтенше жағдайлар туралы келісім ратификацияланды

Мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойды.

Елбасы бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иордан Хашимит Корольдігінің Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ бүгін Мемлекет басшысы "Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің азаматтары Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше екінші мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар