Қазақстан мен Өзбекстан арасында әуе, теміржол және автобус қатынасы ұлғаяды - Жаңалықтар | BNews

Қазақстан мен Өзбекстан арасында әуе, теміржол және автобус қатынасы ұлғаяды

14 наурыз, 2018, 16:07 1637 Астана
Қазақстан мен Өзбекстан арасында әуе, теміржол және автобус қатынасы ұлғаяды

Жақын уақытта Ташкенттен Алматы мен Астанаға жүретін автобус бағыттары ашылмақ.

Қазақстан мен Өзбекстан Ташкенттен Астана, Алматы бағытындағы қосымша рейстерді ұлғайтып, автобус бағыттары мен екі ел арасындағы теміржол байланысын еселей түспек. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

"Өткен жылы біз өзбек жағымен Астана мен Ташкент бағыты бойынша аптасына төрт әуе рейсі, Алматы мен Ташкент  арасындағы жеті рейс туралы келіскен едік. Енді бұл келісім аясында Алматы мен Ташкент  арасындағы ұшырылымдар 10-ға жетсе, Астана мен Ташкент арасында аптасына жеті әуе рейсі ұшатын болады", - деді Қасымбек бүгін өткен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 17-отырысында.

Министр атап өткендей жақын уақытта Алматы-Ташкент бағытындағы пойыздар аптасына үш рет жүретін болады.

"Біз сондай-ақ пойыздар қозғалысын да ұлғайтып жатырмыз. Осыған дейін пойыздар Алматы-Ташкент бағытында аптасына екі рет жүретін. Осыдан былай оның саны аптасына үш ретке көшеді. Бізде үнемі жүретін автобустар бағыты болған жоқ. Біз өткен жылдың күзінде Ташкент-Шымкент бағыты бойынша көп автобустар бағытын аштық. Екі жаққа қатынайтын жолаушылар легі де аз емес. Сондықтан біз енді Ташкенттен Алматыға және Ташкенттен Астанаға жүретін бағыттар ашу бойынша келісіп жатырмыз. Сондай-ақ, өзбек жағы Самарқан мен өзге қалаларды да қарастыруды ұсынып отыр. Біз мұның болашағы барын және адамдар да екі ел арасында жүргісі келетінін байқадық", - деді Жеңіс Қасымбек.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар